Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы мен техникасы БҚО-дан Атырау облысына қарай көшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы мен техникасы БҚО-дан Атырау облысына қарай көшеді

Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы мен техникасы БҚО-дан Атырау облысына қарай көшеді

Батыс Қазақстан облысының аумағын әуеден бақылау барысында вице-премьер Қанат Бозымбаев Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы мен техникасын су тасқынының шарықтау шегінен өткен аудандардан Жайық өзенінің төменгі ағысындағы Атырау облысының шекарасына дейінгі елді мекендерге көшіруді тапсырды.

  • 23 Сәуiр
  • 21
Gov.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орынбордан Жайық өзеніне құятын судың деңгейі түсіп келеді. Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданының Озерное, Рубежинское және Январцево ауылдарында да су көлемі біршама азайған. 

Мамандардың айтуынша, БҚО-да тасқынның шарықтау шегі кезінде су күрт көтерілмейтіні болжанып отыр.

Оралда жағдай әлі де күрделі. Қауіп сейілгенше қалада ТЖМ мен Қорғаныс министрлігі мен аталған ведомстволардың еліміздің басқа өңірлерінен келген сарбаздарын қосқанда 6 мыңнан астам адам болады. Тағы 200 сарбаз келеді деп күтілуде. Қорғаныс министрлігінің маңғыстаулық 100 қызметкері қазірдің өзінде Шаған өзенінің бойындағы Мичурино ауылын нығайтып, үш ауысымда жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе, Астана, Алматы қалаларының ондаған сарбазы мен құтқарушысыы басқа ықшам аудандарда бөгет салуда.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынына қарсы іс-шараларға атсалысқандардың барлығына алғысын білдіріп, көмекке келгендерге барлық қажетті жағдайды жасауды тапсырды.

Осыған дейін Жайық өзеніндегі су деңгейі Оралда 860 сантиметрден асқаны хабарланды.

Сондай-ақ Орал қаласында 116 саяжай бірлестігін су басқаны айтылды.

Атырау облысының БҚО-мен шекарадағы Бағырлай каналына мол су келгені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар