Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін туристер Перудегі көне қаладан шыға алмай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін туристер Перудегі көне қаладан шыға алмай қалды

Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін туристер Перудегі көне қаладан шыға алмай қалды

Ел президентінің биліктен кетуіне байланысты тәртіпсіздікке бола елде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін Перудің Мачу-Пикчу қаласында әлемнің түкпір-түкпірінен келген 300-ге жуық турист қалып қойды.

  • 18 Желтоқсан 2022
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

CNN басылымының жазуынша, қала мэрі Перуде төтенше жағдай ел президентінің биліктен кетуіне және одан кейінгі тәртіпсіздіктерге байланысты енгізілгенін айтты.

8 желтоқсанда Перу президенті Педро Кастильо оған импичмент жариялау мәселесін қарауы тиіс конгрессті таратып жіберді. Ол билікке келгеннен бері қазіргі парламент үкімет ұсынған әлеуметтік-экономикалық бастамаларды қабылдамай, министрлер кабинетінің жұмысына тосқауыл қойып келгенін еске салды.

Дәл осы күні биліктен қуылған Перу президенті Педро Кастильо көтеріліс пен қастандық жасады деген айыппен сотқа келді. 8 желтоқсандағы тыңдау кезінде Кастильо "иә" немесе "жоқ" деп жауап беріп отырды, ал оның қорғаушысы ол ез еркімен қамауға алынғанын жіне жалған айыппен Перу президенті қызметінен шеттетілгенін айтты.


Қалада туристердің көп болуы оның Инк империясының астанасынан 100 шақырымдай жерде орналасуына байланысты болса керек.

Соңғы жаңалықтар