Төтенше жағдайларда зардап шегушіге қалай жәрдем беруді білесіз бе - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдайларда зардап шегушіге қалай жәрдем беруді білесіз бе

Төтенше жағдайларда зардап шегушіге қалай жәрдем беруді білесіз бе

Қазіргі кезде технология атаулы қарыштап дамыған сайын, адамзатқа төнетін түрлі сипаттағы қауіп те күшейе бермек.

  • 19 Қыркүйек 2018
  • 1808
Фото - Caravan.kz

Сондықтан халықты табиғи апаттардан, қауіп-қатерден, оқыс жағдайлардан сақтандыру мақсатында еліміздің Төтенше жағдайлар комитеті ақпарат құралдарын пайдалану арқылы елге төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету, зардап шеккендерге алғашқы көмекті көрсету тәсілдерін үйретуді қолға алған.

Еліміз бүкіл Қазақстан азаматтарын Азаматтық қорғау саласы бойынша оқытып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт – насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керекті айтылған. Бүгінде еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті апаттардың алдын алу мақсатында барынша жұмыс істеуде.

Сол себепті әрбір азамат қиын-қыстау сәтте не істеу керек және жарақат алған адамға қалай көмек беру керектігін жетік білген жөн. Себебі табиғи апаттан жараланған жан сіздің жақыныңыз болуы әбден мүмкін. Ал ондай кезде сырттан көмек күтіп, қарап тұруға болмайды. Қолыңыздан келгенше алғашқы жәрдем жасаңыз. Сонда сіз оның өмірін сақтап қалуға тырысасыз.

Ендеше ең жиі кездесетін түрлі жағдайларда қалай қимылдау керек, біле жүріңіз.

Үсік шалу

Үсік шалу – төмен температураның әсерінен ағзаның кез –келген жерінің бүлінуі. Үсу — суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады.

Биыл қанша адам суықтан зардап шекті

Биыл қаңтар айынның соңында еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі 223 адамды үсік шалды деген ресми мәлімет таратты. Оның 73 аурухаға жатқызылған екен. Тұрғындары ең көп зардап шеккен Қарағанды облысы. 87 адам. Оның 15-і емханаға жатқызылды. Шығыс Қазақстанда 54 адамды үсік шалыпты. Павлодарда 26 Астанада 20 адам дәрігер көмегіне жүгінсе, 11-і төсек тартқан. Ақмола, Қостанайда 9, Атырау, Батыс Қазақстанда, 5 адамнан жаурап қалыпты. Зардап шеккендер Солтүстік Қазақстан, Қызылорда Алматы облысында да бар.

Үсік шалған кездегі алғашқы көмек

Дегенмен қандай жағдай болсада көмек беруге кез келгеніміз әзір болуымыз қажет. Мысалы үсік шалған адамға алғашқы жәрдем беруді білеміз бе?

Үсіген адамды бірден жылы жерге кіргізіп, жылытып, ыстық шай беру керек. Жансызданған жерін жылы суға малып, денесі қызарып, жылынып, сырттан тиген қолды сезетін болғанша жайлап ысқылайды, содан соң таңып тастайды. III-IV дәрежелі үсікке шалдыққан адамды алғашқы көмек көрсетіліп болғаннан кейін жылы орап, ауруханаға апару қажет.

Алғашқы көмек дегеніміз- тоңуды тоқтату, қол-аяқтарды жылыту, суықтан зақымдалған учаскелерде қан айналуды қалпына келтіру және ифекцияның дамуына жол бермеу. Ең алдымен, үсік шалу белгілері бар науқасты жылы жайға жеткізіп, аяқ киімін, шұлығын және қолғабын шешу керек. Дереу жедел жәрдем шақырту қажет.

Биыл елімізде ауа райы қалай болады.

Өткен жылы қазан айынан бастап қар жауып, ал қарашада түскендіктен халқы қыстың қатты болатынын жорамалдаған. Бұған қоса өз әдісі ауа райын болжаушылар да қыстың ерте басталып, ұзаққа созылатынын айтты. Ал енді бірі қыс қатты болмайды деп долбарлады.

Ал шетел ғалымдары керісінше былтырғы қыстың аса қатты болатынын ертерек болжап, жария еті. Мысалы Британия ғалымдары алда келе жатқан қыс соңғы 100 жылдағы ең суығы болатынын айтты. Мамандар Жердің Күн белсенділігі азаятын жаңа климаттық циклге кіргенін болжап отыр. Бұл құбылыс соңғы рет 1950-жылдары бақыланған. Климатолог мамандар Еуропа тұрғындарына қазірден бастап жылы киімдерін қамдауды кеңес беруде, өйткені қазан айының ортасына таман рекордтық дәрежедегі төмен температура байқалады. Осылайша өткен жылғы қыс расында да ұзақтығымен әрі суықтығымен есте қалды. Ал биылғы қыс айының қалай болатынын жайлы екіұшты пікірлер бар. Көпшілігі былтырғыдай суық болмасада ұзаққа созылу мүмкін екенін айтуда.

Осындай ауа-райында адамдарды үсік шалу бесенеден белгілі.Дегенмен көпшілік басқада төтенше жағдайларда да көмек берудің жолдарын білу керек. Ендеше осыларға қысқаша мәлімет беруді жөн санадық.

Қан кетудегі көрсетілетін көмек

Қан кету қантармырларымызды жарақаттау себебінен туындайды. Жарақат алып, қансыраған адамға тиісінше алғашқы көмек көрсетіп, міндетті түрде бірден оны таңып тастауы қажет. Артериядан қан кеткен жағдайда дереу тоқтатудың амалын жасаған дұрыс, себебі қан тез ағып кетеді. Мысалы сан артериясынан қан аққанда көмек көрсетуге 2 минуттай ғана уақытыңыз бар. Қан кету кезінде ең алдымен, қандай қан тамырлары – күретамыр, артерия, капиллярлар зақымданғанын біліп алу қажет. Осыған байланысты алғашқы жәрдем көрсетіледі.

Жарақатты қысу

Қан ағып жатқанды көргенде адамның ең басты жасар әрекеті жарақатты басу. Бұл дұрыс әрекет. Себебі қан көзіне күш түсіріп оны тоқтатудың амалы осы. Жарақатты тиімдірек тәсілдер немесе құралдарды қолданғанға дейін мейлінше қатты басу қажет. Ергер жардап шеккен адам есінен айрылмаса өзі де қысуына болады.

Қысып байланған таңғыш

Қысып байлаудың тиімді тәсілі қысымы бар бандаж болып есептеледі. Соынмен қатар созылмалы немесе қарапайым бинтті (кез — келген қолда бар, жарақатқа қысым беретін затпен) пайлалануға болады. Жараның бетін таза мәрлі шүберекпен жабу қажет.

Дем алу жолдарын тексеру және ашу

Зардап шеккен ессіз жатқан адамның барлық бұлшық еттері босаңсиды, сонымен қатар тілі. Бұндай жағдайда шалқасынан жату қауіпті, себебі тілі дем алу жолдарын бітеп, адам түншығып қалуы мүмкін. Зардап шеккен адамға дем алуға мүмкін жасау алғашқы көмек көрсетудің басты іс-әрекеті. Егер адам 4-6 минуттай дем алмаса миға ауа бармай өліп кетуі мүмкін.

Егер зардап шегуші жақсы демалып жатса, оның еш жері зақымданбаса, оған қолдан дем беру немесе жүрек-өкпе реанимациясы қажет болмаса, оны қалыпқа келу үшін бір жақ жанына жатқызу қажет. Ол үшін зардап шегушінің басын, иығын және бөксесін бір жақ жанына бірге аудару қажет.

Жүрек-өкпе реанимациясы

Әр адам жүрекке реанимация жасауды білгені абзал. Жүрек тоқтап қалған кезде бірден іске кірісу қажет.

Егер төс сүйекті басса, жүрек көкірек қуысы мен омыртқа ортасында қысылады да оның қуысынан қан тамырларға сығылады. Бұл жасанды түрде қан айналымын қалыпқа келтіретін жүрек сыртынамассаж жасау деп аталады. Осылайша қолмен дем алдыруды жүрек сыртына массаж жасаумен үйлестіру кезінде тыныс алу, қан айналу қызметтері жасанды түрде жүргізіледі.

Сынықта көрсетілетін алғашқы көмек

Сынық кезінде кез-келген қатты материалдан дереу сыныққа таңғыш салып, орап байлау керек. Таңғыш болмаса, онда сынған аяқты сау аяққа тақап байлап, ал зақымданған қолды орамал арқылы мойынға асып қою қажет. Сынық ашық болса, жараның айналасын йодпен сүртіп, стерильденген таңғыш байлаған жөн.

Шинаны қалай салу керек?

Әдетте шинаны зардап шегушінің сынған қолы немесе аяғын бір қалыпта ұстап тұру үшін салады. Шинаны қолда бар ұзын, қатты, жалпақ заттан жасайды. Бастысы таңдап алған заттың екі бөлікке жетуі керек. Шинаны салғанда астына бірнеше бүктелген мата салу қажет.

Зардап шеккен жердің шығып кеткенін немесе сынғанын анықтаймын деп анда-мында қозғалтуға болмайды. Сонымен қатар өз бетімен орнына салуға тырыспау қажет. Шина салған кезде зақымда


Жалпы, елімізде халықтың есінде қалған талай табиғи апаттар болды. Көптеген адамның өмірін жалмаған оқиғалар тіркелді. Соның салдарынан қаншама адам ажал құшты. Ал келтірілген шығын көлемі тіптен қисапсыз. Қазақстанда болған ірі табиғи апаттардың басым көпшілігі жер сілкінісі, су басу, қар көшкіні сынды табиғи құбылыстармен байланысты. Соның көктем кезінде су тасқынына байланысты болған Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында тіркелген табиғи апат. Аталған нәубеттен 45 адам көз жұмған болатын. Су тасқыны тұтас бір ауылды қиратып кетті.

Соңғы жаңалықтар