"Тозақта өртеніңдер": Баян Мақсатқызы Украинадғы жағдайға қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тозақта өртеніңдер": Баян Мақсатқызы Украинадғы жағдайға қатысты пікір білдірді

"Тозақта өртеніңдер": Баян Мақсатқызы Украинадғы жағдайға қатысты пікір білдірді

Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында Украина жерінде болып жатқан оқиағаларға қатысты өз наразылығын білдіріп, видео мен сурет жүктеді. 

  • 3 Наурыз 2022
  • 337
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Аталған видеода Ресей Қорғаныс министрлігі өкілінің бейбіт тұрғындарға "оқ атылмайды" деген сөзі келтіріледі, ал кейін шын мәнінде тұрғын үйлерге снаряд түсіп қирап жатқаны және жарақат алып жатқан тұрғындар көрсетілген. 

Баян Мақсатқызы "Бұл бассыздықты бастағанның бәрі тозақта өртеніңдер",- деп жазды.  

Еске сала кетсек, Украинада Ресей әскерінің басып кіргеніне бүгін 8-ші күн болды. Украина президенті Владимир Зеленский қақтығыс басталғалы бері 9 мыңға жуық ресейлік әскеридің мерт болғанын айтуда. Бүгін Украина мен Ресей тараптарының екінші мәрте келіссөздері өтуі тиіс.


 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар