Трамп БҰҰ-ға бөлінетін қаржыны қысқартпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамп БҰҰ-ға бөлінетін қаржыны қысқартпақшы

Трамп БҰҰ-ға бөлінетін қаржыны қысқартпақшы

АҚШ президентінің әкімшілігі Біріккен ұлттар ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдарға бөлінетін қаржыландыруды 40%-ға қысқарту туралы жа

  • 26 Қаңтар 2017
  • 402
Фото - Caravan.kz

АҚШ президентінің әкімшілігі Біріккен ұлттар ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдарға бөлінетін қаржыландыруды 40%-ға қысқарту туралы жарлық дайындап жатыр, деп жазады abctv.kz.

Бұдан бұрын президент әкімшілігінің баспасөз хатшысы Дональд Трамптың АҚШ-тың БҰҰ мен НАТО-ға қаржы құюын құптамайтынын жеткізген. Бұл шешім қабылданса БҰҰ-ның жұмысы өзгереді. Себебі бейбітшілік миссиясының 25%-ын АҚШ қаржыландырады.

Бұған дейін Трамп БҰҰ-ның зор әлеуетке ие екенін, бірақ «уақытты жақсы өткізуге болатын жерге» айналғанын айтқан болатын.


Дональд Трамп Палестина автономиясы кіретін ұйымдарды, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Кореяға салынған санкцияларды сырт айналып жұмыс істейтін өзге де құрылымдарды қаржыландыруды толықтай тоқтатуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар