Жарияланды: 40

Трамп ДДСҰ-ға шарт қойды

Трамп ДДСҰ-ға шарт қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына хат жіберіп, ДДСҰ басшылығына шарт қойды. Бұл туралы CNN хабарлайды. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Егер бұл орындалмаса, Вашингтон ДДҰ-ны қаржыландырудан бас тартып, ұйымнан кететіндігін ашық айтты. 

Мен салық төлеушілерге дәл қазір Американың мүдделеріне сай келмейтін ұйымды қаржыландыруды жалғастырта алмаймын, - деді Трамп.

Ақ үй басшысы халықаралық ұйымнан Бейжіңмен мәмілеге бармағанын дәлелдеуді талап етті. Әрі Вашингтонның реформаға қатысты талаптарын орындауы тиіс. Дональд Трамп халықаралық ұйым коронавирустың өршігенін 2019 жылдың желтоқсанында біле тұра, ешқандай шара қабылдамаған деп айыптайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін