Трамп Клинтонды қылмыстық қудалау ниетінен бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамп Клинтонды қылмыстық қудалау ниетінен бас тартты

Трамп Клинтонды қылмыстық қудалау ниетінен бас тартты

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өткен сайлауда демократиялық партия атынан түскен үміткер Хиллари Клинтонты қылмыстық қудалау ниетінен бас тартты. Бұл туралы Трамптың сайлау тобының менеджері хабарлады.

  • 23 Қараша 2016
  • 475
Фото - Caravan.kz

Клинтон АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған уақытта жеке пошта серверін қызметте пайдаланғаны төңірегінде жанжал туған болатын. Сайлау алды науқанында Трамп саясаткерді осы әрекеті үшін қатаң сынға алған еді.

Washinton Post газетінің хабарлауынша, Ақ үйдің қожайыны атанған Дональд Трамптың бұл шешімі елдегі саяси және құқықтық билік хаттамасының түбегейлі өзгергенінен хабардар етсе керек.

Осы уақытқа дейін Құрама Штаттарда қылмыстық қудалауды бастау немесе одан бас тарту құзыретіне бас прокуратура мен Федералдық тергеу бюросы иелік ететін.


Соңғы жаңалықтар