Трамп журналист әйелді азғындау ісі бойынша кінәлі деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамп журналист әйелді азғындау ісі бойынша кінәлі деп танылды

Трамп журналист әйелді азғындау ісі бойынша кінәлі деп танылды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты журналист және жазушы Джин Кэрролды зорлауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz CNN-ге сілтеме жасап.

  • 10 Мамыр 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Қазылар алқасы 1996 жылдың көктемінде Кэррол саясаткер тарапынан азғындыққа ұшыраған деп тапты.

Трамп әйелге қысым жасағаны үшін 2 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар саясаткер Кэрролға жала жапқаны және оның беделіне нұқсан келтіргені үшін тағы 3 миллион доллар аударуы тиіс.

Трамптың өзі тағылған айыпты жоққа шығарды.  

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір әйел – 81 жастағы кәсіпкер Джессика Лидс Трамп тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген.

Сондай-ақ 2016 жылы 11 әйел Трампты жыныстық қудалау жасады деп айыптады. Саясаткер сол кезде бұл айыптарды президенттік сайлаудағы қарсыласы, Демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтонның мүддесі үшін қолдан жасалған деп атады.