Әлеуметтік желіде танымал имам Нұрлан Байжігітұлы Аұ үйдің ұйымдастырған қайырымдылық шарасына қатысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Таңғы астан әлемнің түкпір-түпкірінен келген 2500 адам дәм татқан.
Нұрлан имам фотосын әлеуметтік желіде жариялап, жазба қалдырды:
«Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші Президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. Ең ілері «Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп» деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды. Түйгенім, еліміздің әрбір азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол ағайындар», — деп жазды ол.