“2005 жылы туған бала кеше кешкісін Павлодар облыстық ауруханасының травмотологиялық бөліміне “көгерген жарақаттар, жабық бас-сүйек ми жарақаты, құлақ сырты мен тізе буынының жарақатымен ” түсті. Таңертеңгі жағдайы бірқалыпты”, — деді баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.
Павлодар облысы ІІД жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге оқушының не себепті трамвай астына секіргені белгісіз.