Трамвай қағып кеткен павлодарлық оқушы қыз ауруханадан шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамвай қағып кеткен павлодарлық оқушы қыз ауруханадан шықты

Трамвай қағып кеткен павлодарлық оқушы қыз ауруханадан шықты

Павлодарда трамвай қағып кетуінен аман қалған 8 жасар Марал Масғұт облыстық балалар ауруханасынан шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2017
  • 224
Фото - Caravan.kz

«Оны (ауруханадан) шығардық. Оны шығаруға нұсқау болды, емделу курсынан өтті, — деді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Тәмпішева. — Оған бір ай бойы сақтану режимі ұсынылады. Ол ұйқы режимі, сергектік режимі, тіпті, теледидар көрмеу, гаджет ойнамау режимі болуы мүмкін. Оған қосымша түрде психологтың кеңестерін ұсынамыз, мұны қыздың анасы шешеді. Өйткені ол өз қызын жақсы біледі. Дене шынықтыру сабағынан босатылады. Бір ай бойы сақтану режимінде болуы тиіс. Мүмкіндігінше, биыл оны (сабақтардан) босату қажет шығар».

Бір ай бойы Марал үйде дәрігердің қарауында болады. Қажет болса, қыз неврологқа жүгіне алады. Қыздың шешесінде дәрігерлерге ешқандай шағымы жоқ.


Еске сала кетейік, 7 қыркүйек күні Павлодарда жан түршігерлік жол апаты болып, екі қызды трамвай қағып кеткен болатын. Апалы-сіңлінің біреуі оқиға орнында ажал құшып, екіншісі облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген.

 

Соңғы жаңалықтар