Транссексуализм?! Елімізде жынысын өзгерткісі келетін нәзік жандылардың қатары күрт көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Транссексуализм?! Елімізде жынысын өзгерткісі келетін нәзік жандылардың қатары күрт көбейді

Транссексуализм?! Елімізде жынысын өзгерткісі келетін нәзік жандылардың қатары күрт көбейді

Қазақстанда жынысын өзгерткісі келетін әйелдердің саны артып барады.

  • 20 Желтоқсан 2022
  • 88
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Пластикалық хирургтар соңғы уақытта осындай ота жасатуға өтініш білдіріп жатқан нәзік жандылар күрт көбейді дейді. Бірақ, мамандар мұндай операцияны жасау өте қиын болғандықтан, көбін қабылдамаймыз деп отыр. Ал, Әділет министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда елде 25 адам жынысын ауыстырған. Оның ішіндегі тек алтауы ердің жынысын жасатқан әйел болып шықса, қалғаны әйел болған еркектер екен.

ВЛАДИМИР КУЛИШОВ, пластикалық хирург:

– Соңғы кездері жынысын өзгерткісі келетін әйелдердің қатары көбейіп жатыр. Бірақ, әйелдерге ер адамның жынысын жасап беру өте қиын. Оның салдары да оңай емес. Отадан кейін ағзасында түрлі ауыртпашылықтар болып, тіпті созылмалы ауруға айналуы мүмкін. Сондықтан, көбін райынан қайтарамыз.

Қазақстандықтарға 2009 жылдан бастап жыныс өзгертуге рұқсат етіледі. Алайда жынысын ауыстырғысы келетіндердің 25 пайызы пластикалық ота арқылы мүшесін ауыстырған екен. Ал қалғаны гармонды еммен ағзасына өзгертулер жасаған. Елде жынысын ауыстырғысы келетіндер әуелі республикалық психикалық денсаулық орталығы жанында құрылған арнайы комиссиядан өтеді. Егер комиссия "транссексуализм" диагнозын растаса, онда ота жасатуға рұқсат беріледі.

АЙГҮЛІМ ӘБЕТОВА, ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бөлім жетекшісі:

– Хирургиялық халыққа тегін көрсетілетін қызметтің арасына кірмейді. Себебі, бұл әрбір жынысын ауыстырғысы келген адамның өзінің құқығы. Ол құқықты өз бетімен шеше алады. Ол туралы бізде мәлімет жоқ.

Білуімізше, бұл кісілер көбінесе қолындағы "транссексуализм" деген диагнозы болған кезде, басқа елдерге шығып сол жерден ота жасатуға құқығы бар. Ал имамдардың айтуынша, дінде жынысын өзгертуге болмайды. Себебі, Алланың жаратылысына көңілі толмағандардың бұл әрекетін шариғат құптамайды дейді.


ЮСУПБЕК ШҰҒАЙҰЛЫ, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы:

– Қазіргі таңдағы жыныс ауыстыру мәселесіне ислам діні түбегейлі тыйым салған. Себебі, жыныс ауыстыру бұл Алла тағаланың жаратылысына қарсы келу болып табылады. Алла тағаланың жаратылысына риза емес деген мағынаны түсінікті білдіреді. Сондықтан ер адамның жынысын әйелдікіне ауыстыруы, әйел адамның жынысын ерге ауыстыруы бұл ислам дінінде харам болып табылады.

Айта кетсек, жынысын ауыстырғысы келетіндер үшін осыдан екі жыл бұрын елде жаңа ережелер қабылданған болатын. Ол үшін 21 жасқа толған қазақстандық психикалық комиссияға өтініш береді. Әрмен қарай психикалық қабілеті дұрыс екенін анықтайтын зерттеуге өтініш береді. Сонымен бірге дәрігерлер жынысын медициналық түзетуге қарсы көрсетілімдерін анықтайтын тексерулерден өту керек. Биыл мұндай комиссияға жынысын ауыстыруға 30 адам өтініш жасаған. Оның жетеуі қыз-келіншек, ал қалғаны ер адам.

Соңғы жаңалықтар