Транзит Қазақстан экономикасының дербес өсім көзіне айналуға тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Транзит Қазақстан экономикасының дербес өсім көзіне айналуға тиіс

Транзит Қазақстан экономикасының дербес өсім көзіне айналуға тиіс

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның транзиттік көлік әлеуеті ел экономикасының дербес өсім көзіне айналуға тиіс. Мұндай пікірді "Еуропа мен Азия арасындағы көлік және коммуникация кешенінің дамуындағы Қазақстанның геостратегиялық мүмкіндіктері" атты "дөңгелек үстелде" көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек айтты.

  • 6 Қараша 2007
  • 511
Фото - Caravan.kz

«Біздің ойымызша, Қазақстанның жолдарын экономикада инфрақұрылымдық қызмет ретінде ғана пайдаланбай, транзит арқылы ел экономикасының дербес өсім көзіне айналдыру қажет», — деп мәлімдеді Ж.Қасымбек.

«Дүниежүзілік банктің берген бағасы бойынша, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2005 жылы $700 млрд болса, 2010 жылы тауар айналымы 1 трлн долларды құрауы мүмкін. Біздің есептеуімізше, транзиттің бір бөлігін Қазақстан аумағы арқылы өтетін жол тораптарына тартуға болады», -деді ол.

Вице-министр еске салғанындай, көлік саласын дамыту үшін, 2015 жылға дейінгі Транспорттық стратегия қабылданған. Оның негізгі мақсаттарының бірі- ел мен халықты қауіпсіз және сапалы көлік қызметімен қамтамасыз ету.

«Біздің мемлекет құрылқтың қақ ортасында болғандақтан, біздің өнімімізді сыртқа шығару қиынға соғып отыр, сондықтан елдің географиялық ерекшелігін ескере отырып, транзиттік мүмкіндіктерді мейлінше тиімді пайдалану керек», деді Ж.Касымбек.

«Жалпы, бұл сала экономикадағы көлік қызметін толық қамтамасыз етіп отыр», — дегенді алға тартты вице-министр.

2006 жылмен салыстырғанда, биыл 9 айда көлік тасымалының көлемі 7,7% , жолаушы тасымалы 4,3%, жүк тасымалы 6%, жолаушы айналымы 4,5% өсті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті