Travelsystem далада қалдырған туристер әлі жылап жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Travelsystem далада қалдырған туристер әлі жылап жүр

Travelsystem далада қалдырған туристер әлі жылап жүр

Travelsystem-нің кесірінен тентіреген туристердің соңғы легі елге жеткізіліп жатыр. Бүгін демалысының шырқы бұзылған 120-ға жуық адам Алматыға жеткізілді. Басым бөлігі – Түркиядағы қонақ үйлерден қуылғандар.

  • 20 Маусым 2015
  • 495
Фото - Caravan.kz

Қазақстан туристік агенттіктер қауымдастығы тасымалдың әлі де екі күнге жалғасатынын айтуда. Себебі кезегін күтіп, 200-ге жуық адам отыр. Осы айдың басында елдегі ең ірі туропертурдың бірі – «Travelsystem» жұмысын кенет тоқтатқан. Сөйтіп, 1400 турист шетелде тентіреп, 4 мың 800 адамның жолдамасы елде күйген болатын. Осы компания кесірінен туристер 1 млрд. теңге шығынға батқан. Ал қаржыны жымқырған турфирма басшысы Роман Хван отбасымен әлдеқашан Еуропа асып үлеріпті. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Денис Кривошеев, Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының төрағасы
:

— «Эйр-Астана-ға» чартерлік рейстер үшін төленген дипозиттер бітті. Ертең соңғыларын жеткізеді. Одан кейін жағдайдың қалай болатынын әзірге білмейміз. Әрі сыртта қалған туристердің нақты санын айту да қиын. Бірақ алдағы аптада шамамен 200-ге жуық адамның мәселесін шешуіміз керек.