"Тренд деп өлетін болды адамдар": Қытайдан келіп жатқан жүзімнің киллограмы - 9000 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 524.58
  • 551.91
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тренд деп өлетін болды адамдар": Қытайдан келіп жатқан жүзімнің киллограмы - 9000 теңге

"Тренд деп өлетін болды адамдар": Қытайдан келіп жатқан жүзімнің киллограмы - 9000 теңге

Қытайдан келетін бұл тауардың зияны көп деген ақпарат тарады.

  • 8 Қараша
  • 38
Фото: caravan.kz

Қазақтар өзгелерге еліктеуін қашан қояды? Кезінде «Дубай шоколады» деген тренд шығып, халық жаппай сатып алып, видеоларымен бөлісе бастаған еді. Енді оның орнына Шайн Мускат деген жүзім ел нарығына кіре бастады. Ол жүзімнің артықшылығы неде? Caravan.kz медиа порталының материалында.

Шоколадтың да, жүзімнің де бағасы удай. Тренд болмай тұрып келісі 2500 теңге еді. Қазір халықтың жаппай жарнамасының арқасында 9 мыңнан 11 мың теңгеге жеткен.

Shine Muscat — өте үлкен, ашық жасыл түсті және дәні жоқ жүзім. Ол сәл қытырлақ құрылымымен және тәтті дәмімен ерекшеленеді. Әдетте, оны мерекеге немесе сыйлық ретінде сатып алады, өйткені күнделікті тұтыну үшін ол барлық адамға бірдей қолжетімді емес. Кішкентай бір шоқ жүзімнің салмағы шамамен 400-500г, ал әр жидектің салмағы 10-12 г-ға жетеді.

Негізінен Жапонияда жасанды өндіріле бастаған бұл жүзім қазір Қытайда да өндіріледі. Алайда Қытайдан шығатын Шайн Мускат жүзімінің зиян екені жайлы ақпарат тарады. Зерттеушілер сыналған үлгілердің көпшілігінде қауіпті химиялық заттардың мөлшері рұқсат етілген деңгейден жоғары екенін анықтаған. 

«Бұл жүзімдер Қытайдан кіріп жатыр. Кейбір «пысықтар» сыртындағы қаптамасына Қазақстанда жасалған деп қағаз жабыстырып, сатып жатыр. Бұл дұрыс емес қадам», — деді Ләйлә Сұлтанқызы.

«Тренд деп өлесіңдер ме? Не шықса да ауыздарыңа сала беретін болдыңдар ма? Оның орнына өзіміздің Қазақстан шоколады мен өзіміздің бала кезден жеп жүрген жүзімдеріміз тұрған жоқ па? Жесеңдер де, удай ақшаға алып, басқалардың ауыз суын ағызып видеоларыңды сала бермеңдер. 9 мыңға жүзіп алып жейтіндей барлығында ондай ақша жоқ», — деді Батыр блогер өзінің парақшасында.

Ал сіздер жеп көрдіңіздер ме?