"Туа алмасаң орныңды босат": Роза Рымбаеваның келіні жүкітілікке қатысты қоғамнан қысым көргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Туа алмасаң орныңды босат": Роза Рымбаеваның келіні жүкітілікке қатысты қоғамнан қысым көргенін айтты

"Туа алмасаң орныңды босат": Роза Рымбаеваның келіні жүкітілікке қатысты қоғамнан қысым көргенін айтты

Әнші Ақерке Бүркітбаева бала бола алмай жүргенде қоғам тарапынан қысым көргенін мәлімдеді.&nb

  • 10 Шiлде 2023
  • 10315
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Мамский әңгіме" подкастында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Жүктілікке өте үлкен жауапкершілікпен келдім. Экология да, біздің жейтін тамақтарымыз да бар. Оның үстіне мен 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Сондықтан да болар 2 жылдан кейін аяғым ауыр екенін білдім. Бізге сәбиді біз дайын болған кезде берді. Себебі, отбасылы бола салып бірден сәбилі болсақ қазіргідей болмас еді. Барлығы мида дейді ғой, мен соған қатты сенемін. Қазірдің өзінде менің тамағым ауырып қалса, неге қазір менің тамағым ауырып қалуы маған выгодно деп өзіме сұрақ қоямын. Ол тез жазылып кетуіме септігін тигізеді. Менің ойымша, 2 жыл миымызда біз өзімізге рұқсат еткен жоқпыз", — дейді ол.


Сондай-ақ, халық әртісінің келіні жүкті бола алмай жүргенде уақытта  әлеуметтік желіде түрлі сөз естігенін де жасырмады. 

"Балалы болуға қатысты қысым сырт жақтан көп болды. Біз инстаграмға жарияламасақ та көп адамдар біліп жүрді. Менің тіпті инстаграмға кірмей кеткен кездерім болды, Сен қашан туасың, тумасаң орныңды босат, аналарыңызға немере керек, не істеп жүрсің  деген сияқты да сөздер болды. Ондай кездер де Әли өте үлкен қолдау көрсетті. Ең бастысы екі анамыздан ешқандай қысым болған жоқ. Енем, екінші анам үнемі қолдау сөздерін айтып отыратын. Өз уақытында болады, ештеңені уайымдама, ешқашан көңіліңде сұрақ болмасын деп әрдайым қолдау көрсетті", — дейді әнші. 

Соңғы жаңалықтар