Туған әкесін өлтіріп,10 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туған әкесін өлтіріп,10 жылға сотталды

Туған әкесін өлтіріп,10 жылға сотталды

Ақмола облысында туған әкесін өлтірген 22 жасар жігіт 10 жылға сотталды. Бұл туралы Ақмола облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Шiлде 2014
  • 554
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай, сотталушы И. Коротков мас күйінде, әкесінің арақ ішпеу туралы айтқан ескертпесін көтере алмай, ашуға булыққан күйі  әкесіне екі рет  пышақ салған. Оқиғаның куәгері болған сотталушының кіші інісі әкесін қорғамақ болып, Коротковтан пышақты алып қойған. Ал ол болса, қолына түскен таяқпен әкесін басынан 14 рет ұрған. Сөйтіп ол өз әрекетімен әкесінің денсаулығына өмірмен сәйкеспейтін жарақат келтірген. Шұғыл көрсетілген дәрігерлік көмекке қарамастан жәбірленушінің өмірін сақтау мүмкін болмады.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 22 жасар И. Коротков өзінің туған әкесін өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.