«Түкіретіндер, шшсгн дейтіндер жоқ»: Қазақтарға кіруге тыйым салынған мекеме пайда болғаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Түкіретіндер, шшсгн дейтіндер жоқ»: Қазақтарға кіруге тыйым салынған мекеме пайда болғаны рас па?

«Түкіретіндер, шшсгн дейтіндер жоқ»: Қазақтарға кіруге тыйым салынған мекеме пайда болғаны рас па?

Еліміздегі қалалардың бірінде қазақтарға кіруге тыйым салынған көңіл көтеретін орынның пайда болғаны жайлы жазба Twitter әлеуметтік желісінде пайда болған.

  • 18 Мамыр 2022
  • 1342
Фото - Caravan.kz

Аталған бардың нақты қай қалада екені белгісіз, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Әрине осындай мәліметтің пайда болуы қазақтардың ашу-ызасын келтіргенімен кейбір өзге ұлт өкілдерінің көңілінен шыққан секілді.

Оны аталған мәліметтегі пікірлерден байқауға болады. Мысалы Миха Крот есімді Твиттер қолданушы:

«Маған бұл жер ұнайды. Құдды қазақтар жоқ кездегі ескі Павлодар сияқты. Бәрі өз адамдарымыз. Бұл өзімді үйдегідей сезінетін қаладағы жалғыз орын. Қазақтарға кіргізші деп жалына бермей басқа жер тауып алу керек. Кіргізбесе қазағы көп басқа жерге барыңдар, мысалы тойға», деп жазба қалдырды.

Енді бір қолданушы: «Қонақтарды іріктеп кіргізетіндігімен қуантатын мекеме. Ішіп алған нақұрыстарды көрмейсің, ешкім түкірмейді, шшсгн деп айқайламайды. Тек әр жастағы сыпайы адамдар ғана бар» депті.

«Кіргізбесе кіргізбесін, басқа жер тауып алыңдар» деп пікір қалдырды тағы бірі.


Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің маңызы зор екені үнемі айтылып келеді. Қазақстан Президенті әртүрлі этникалық топ өкілдерінің өзара сыйластығы мен ауызбіршілігі басты құндылық екенін сан мәрте айтқан.

Дегенмен ұлтаралық араздықты қоздыруға тырысатын осындай жеке тұлғалар өзара өшпенділікті өршіте түсуде. Көпшілік оқырмандар да мұндай арандатушы топтарға мән бермеуге шақырды

 

 

Соңғы жаңалықтар