"Тұлпар мінген жігіттерді орынсыз сынауды қоялық": Саясаттанушы оның қажетті психологиялық әдіс екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тұлпар мінген жігіттерді орынсыз сынауды қоялық": Саясаттанушы оның қажетті психологиялық әдіс екенін айтты

"Тұлпар мінген жігіттерді орынсыз сынауды қоялық": Саясаттанушы оның қажетті психологиялық әдіс екенін айтты

Еліміздің Солтүстік өңірінде басталған көк туды ұстап атпен шапқан флешмоб бүгінде жер жерде жалғасуда. Әйтседе ел арасында аталған шараны сынаушылар да табыла бастады. 

  • 15 Қаңтар 2021
  • 689
Фото - Caravan.kz

Жас саясаттанушы Асхат Қасенғали атпен шауып, бір біріне жалау жеткізу шарасының аса қажет екенін әрі жерімізге көз алартып отырған өзгелерге қарсы психологиялық, идеологиялық әдіс екенін айтты. Бұл туралы ол желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қазағым-ау, тұлпар мініп, ту алған жігіттерді орынсыз сынауды қоялық. 9-мамырда Халықтар түрмесінің туын ұстап, өліктер шеруін жасайтын басқыншы идеологиясына қарсы олай шуламап едік.

Қазағы аздау солтүстікте мұндай шараның өткені, дос болып құшақтап, қабырғамызды санаған одақтассымаққа һәм оны жақтаушы іштегі отырардың қақпасын ашарларға қарсы жасалған психологиялық, идеологиялық әдіс екенін түсініп отырсыңдар ғой. Қақаған аязда, қалың қарда, кірпігіне мұз қатып, аузынан буы бұрқырап, байрақ көтерген жігіттерге алғыс қана айтамын өз басым. Шын ниетпен жасап жатқаны көрініп тұр.

"Қазіргі заман жаңа технология уақыты", "Байрактар керек", "далақтап шабу не өзгертеді" деген сөздеріңді ауылдың батыр жүрек, ақ ниет жігіттеріне емес, Қорғаныс министрлігі мен билікке айтыңдар. Қаруды сатып алатын халық емес, билік қой.


Ал халықтың рухты болғаны жақсы. Рухсыз халық бас-басына Байрактар берсең де, байрағын құлатып тынады!",- деп жазды Асхат Қасенғали. 

Еске салсақ, көрші Ресей думасының депутаттары Никонов пен Федоровтардың "Қазақстан жерін сыйға алған" деген мәлімдемелерінен соң еліміздің солтүстік өңірінде ерекше флешмоб басталған болатын. 

Соңғы жаңалықтар