Жарияланды: 500

«Тұлпар-Тальго» пойыздарына қосымша жеңілдіктер енгізілді - Жолаушылар тасымалы

«Тұлпар-Тальго» пойыздарына қосымша жеңілдіктер енгізілді - Жолаушылар тасымалы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2015 жылдың 30 қазанынан бастап, кейбір «Тұлпар-Тальго» пойыздарына қосымша жеңілдіктер енгізілетінін хабарлайды,

деп жазады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінде. 

Атап айтқанда, №90 «Қызылорда - Астана» пойызына (Қызылордадан шыққанда) 20 пайыз көлемінде жеңілдік қарастырылған. Бұдан бөлек келесі пойыздарға аптаның әр күндеріне орай төмендегідей жеңілдіктер белгіленді:

-№1 «Алматы - Астана» және №701 «Алматы - Петропавловск»  пойыздарына аптаның жұма мен сенбі күндері 15% жеңілдік  қарастырылған;

- №2 «Астана - Алматы» және №702 «Петропавловск - Алматы» пойыздарына аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері 10% жеңілдік қарастырылған;
- №67 «Защита - Астана»   дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері 15% жеңілдік қарастырылған;

- №68 «Астана - Защита» дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері 15% жеңілдік  қарастырылған.

Сонымен қатар, бұрын енгізілген икемді жеңілдіктер мен жолаушылардың 3 тобына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады:  

1) «Құрмет» -60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30%; 
2)  «Жастар» - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30%;  
3)   «Саяхатшы» -тұрақты жолаушылар үшін 10% до 20%.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін