«Тұлпар-Тальгоның» жаңа үлгідегі вагондарына сертификат берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тұлпар-Тальгоның» жаңа үлгідегі вагондарына сертификат берілді

«Тұлпар-Тальгоның» жаңа үлгідегі вагондарына сертификат берілді

29 қарашада «Тұлпар-Тальго» зауытында қазақстандық өндірістен шыққан кең шанақты жолаушылар вагондарына Кеден одағының «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» техникалық талабы регламентіне сәйкес сертификат салтанатты түрде табыс етілді.

  • 29 Қараша 2016
  • 552
Фото - Caravan.kz

«Аса жайлы вагондар жолаушылар тасымалы жүйесінде жылжымалы құрам паркін жаңғыртудың ұзақмерзімді бағдарламасы аясында шығарылып жатыр», — деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Еркін Жусанбаев.

Жаңа үлгідегі вагондар «Тұлпар-Тальго» зауытының конструкторлық бюросы мамандары мен испандық әріптестерінің Қазақстандағы вагондарды өндірістен шығару тәжірибесі мен пайдалану нәтижесінде бірлескен жобасы болып табылады.

Вагондардың ені, санитарлық-гигиеналық бөлмесі жүрдек пойыз жолаушыларының кіріп-шығуына барынша қолайлы етіліп кеңейтілді.

Жылжымалы құрамда вагонның екі түрі бар. «Турист» вагондарында креслолар және жүк қоятын орны бар. «Гранд-класс» вагондарында электрлі көтергіші, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеке себездеткішімен қоса дәретханасы қамтылған.

«Тұлпар-Тальго» вагондары Қазақстан, Ресей, Германия, Австрия, Испания, Чехия, Италия, Ұлыбритания, Францияның арнайы орталықтарында сынақтардың толық кезеңдерінен өткізілді.

Мәселен, Лейпцигте вагондарды пайдалану кезінде болатын түрлі жүктерді тиеу сынағы өткізілді. Мадридте вагон қорабы арбашасының қаншалықты жүктерді, қанша жыл көтеруге шыдас бере алатындығы сыналды. Венада арнайы камерада: ылғалды ауада, жоғары қысымды және төменгі температурада, желдің жылдамдығына қатысты ауа райына шыдамдылығы жан-жақты сарапталды.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында сағатына 200 км жылдамдықпен, қиын жол телімдерінде, кей жерлерінде 300-ден 2000 метрге дейін қиыс кететін тұстарда сыналды.


Темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері («ТЖКҒЗИ» АҚ) 200 километрлік жылдамдықта жылжымалы құрамның тежегіш құралдарының сапасы мен өзімен-өзі ажыратылуын басқару үдерісін тексерді.

Аса жайлы вагондардан жасақталған жылжымалы құрам биылғы желтоқсаннан Астана мен Алматы бағдарына, келесі жыл басынан Алматы-Шымкент бағдарына шыға бастайды.

Жылжымалы құрамды жаңғырту аясында 2021 жылға дейін «Тұлпар-Тальго» жайлы вагондарынан жасақталған пойыздарды қосымша жеті бағдарға – Алматы-Павлодар, Ақтөбе-Манғышлақ, Астана-Лениногор, Ақтөбе-Атырау, Алматы-Қостанай, Астана-Сарыағаш және Алматы-Манғышлақ бағытына жіберу жоспарланған.

 

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр