«Түнде порно көруі мүмкін»: Адвокат іш киімінен бірнеше адамның шәуеті табылған сарбаз өліміне қатысты жаңа деректермен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Түнде порно көруі мүмкін»: Адвокат іш киімінен бірнеше адамның шәуеті табылған сарбаз өліміне қатысты жаңа деректермен бөлісті

«Түнде порно көруі мүмкін»: Адвокат іш киімінен бірнеше адамның шәуеті табылған сарбаз өліміне қатысты жаңа деректермен бөлісті

Бүгін Астанада «MediaDialog» пікір-талас клубының ұйымдастыруымен cоңғы кезде қазақ әскерінде жиі орын алып жатқан өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының жиілеп кетуіне арналған жиын өтті.

  • 9 Ақпан 2023
  • 349
Фото - Caravan.kz

Онда адвокат Сержан Пірәлиев елді дүр сілкіндірген Жамбыл облысындағы «Шөлдала» шекара пунктінде өлі күйінде табылған, сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Іш киімінен бірнеше ер адамның биоматериалы табылған Бекбол Мирашқа қатысты адвокат Сержан Пірәлиев бастапқыда марқұмның әкесінің ұлымен нақты не болғанын білмегенін жеткізді.

«Бұған дейін бұл оқиғаның қандай қоғамдық резонанс тудырғанын білесіздер. Қазір құзырлы органдармен 2 және одан көп адамның биоматериалы табылғаны дәлелденді. Яғни бұған дейін табылған екі адамнан бөлек, тағы да басқа, 2-3 немесе одан да көп адамның биоматериалдары табылуы мүмкін. Десе де бастапқыда бұл оқиға мүлдем басқа сипатта болған еді. Мәселен, марқұмның әкесі ауылдан келген, ол тіпті алғашында баласымен бұлай болғанын, биоматериал табылғанын білмеген. Тіпті, оқиғаның осылай өрбігенін естіген әкесі талып та қалған. Сол кезде, марқұмның әкесі бізге бәрін тергеу көрсетеді деп жауап берген еді», — деді адвокат Сержан Пірәлиев.

Сонымен бірге адвокат аталған оқиғаға қатысты жаңа тың деректерді жариялады.

«Оқиға тамыздың 17-18-інен қараған түні болды, яғни марқұм келесі күні досының белбеуін алып, марқұм өз-өзіне қол жұмсаған. Яғни, Бекбол Мираш өзінің емес, досының белбеуін алып, сонымен өз-өзіне қол жұмсағанын анықталды. Ал тергеу органдары ұсынған бірінші нұсқа ол – марқұмның ұнатқан қызы үшін өз-өзіне қол жұмсаған нұсқасы болса, екіншісі – ол менің қорғауымдағы адамды айыптау еді. Бұл ретте олар сол 17-18-інен қараған түні, ішімдік ішкен. Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды, қалай шекара пунктінде түн уақытында, сарбаздардың қолында ішімдік болуы мүмкін? Ал, ертесінде осыны жайтты білген менің қорғаушым, әрине сол түні ішімдік ішкендерге ұрысқан, «ішімдікті қайдан алдыңдар?» деп сұраған. Сөйтіп, президент аталған оқиғаны естігеннен кейін, арнайы тапсырма берген, ал төрт күннен кейін менің қорғаушым кінәлі болып шыққан», — деді адвокат.

Бұдан бөлек, Сержан Пірәлиев бұған қоса, «Шөлдала» шекара қызметінің сарбаздары сол күні ішімдік ішкеннен бөлек, «порно» сипаттағы видео көруі мүмкін деген болжам айтты.

«Қазір кез келген адам интернетке қол жеткізе алады ғой? Әскерилерде де дәл солай болуы мүмкін. Яғни сол күні келісімшартпен жұмыс істеп жатқан сержант-офицерлер, сарбаздар «порно» көрмегендеріне кім кепіл бола алады? Бәлкім олар сол түні сондай сипаттағы видео көрді, бұған қоса ішімдік ішкендері бар. Әрине сондай әрекетке барады сосын. Бұл аздай оны ұялы телефонға, видеоға түсіреді. Бұған дәлел марқұм қайтыс болғаннан кейін, ертесінде өзіне тапсырылған постты тастап, марқұмның әріптесінің сарбаздарының бірінің телефонын алып, оны сындырып тастауы болып отыр. Сосын қираған телефон қалдықтарын алып, оның көзін жоғалтқан. Тергеу органдары тіпті бұл телефонның қайда кеткенін, оны кім сындырғанын да анықтап, білгілері келіп отырған жоқ», — деді Сержан Пірәлиев.

Сондай-ақ жиын барысында адвокат Сержан Пірәлиев  30 қаңтарда қосымша сот молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындалғаны туралы қаулы шыққанын атап өтті.

«Істі Алматы қаласының сот сараптамасына жіберетін болды. Яғни, сараптамаға 19 тамызда болған барлық шекара қызметіндегі адамның,  бұл дегеніміз 88 азаматтың ДНК-сы тексерілетін болады. Ал бұған дейін бізге бұлай жасауға мүмкіндік бермеген еді. Жоғарыда айтып өткенімдей, егер бұған дейін марқұмның іш киімінде нақты 3 адамның биоматериалы табылса, енді тағы 2-3 адамның биоматериалы табылуы мүмкін. Ал ол үш адам кім дейтін сауалға келер болсақ, олардың біреуі – бірге қызмет   істеген әріптесі, екеуі — келісімшартпен жұмыс істеп жатқан сарбаздар. Бұған дейін іс 26 қаңтарда жабылған болатын. Енді марқұмның киімінде 2 және одан да көп адамның биоматериалы табылғанын, оны мен емес, сараптама көрсетіп отыр. Мен осы екі адамды нақты кім екенін анықтаңдар десем, құзырлы органдар: «Жоқ, біз бұл оқиғадан сексуалды сипат көріп тұрған жоқпыз», — дейді. Яғни оның денесінің артқы бөлігі таза болғандықтан, ал басқа киімдерінде биоматериалдардың табылғандығынан —  құзырлы органдар қандай да бір сексуалдық сипат деп табылмайтынын айталы. Ал сол биоматериалдары табылған екі-үш адам тергеу барысында  «ертегі айтты» десем артық айтпаспын және тергеу олардың жауаптарына сеніп отыр. Ал, ең өкініштісі аталған оқиғаға қатысты екі адамнан да тек куәгер ретінде жауап алынды», — деп түсіндірді адвокат.


Адвокат Сержан Пірәлиев сонымен бірге аталған іспен хайп қумайтынын, тек қорғаушысының мүддесін қорғау мақсатында істі соңына дейін жеткізетінін атап өтті.

«Мен бұл іспен хайп қуып жатқам жоқ, осы оқиғаның астарында бүтін бір адамның тағдыры тұр. Оның төрт баласы бар әрі кінәсі жоқ, қатарынан үш рет ДНК сараптамасын жасағанда қорғаушымның биоматериалдары табылмады ғой? Қазір оған «Соңы ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, қызметтік лауазымын асыра пайдалану» деген айып тағылып отыр. Яғни ол сарбазға ар-намысына тиетін сөз айтып, оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген айыпталып отыр ғой? Ал сонда аяқ киімінен басқа киімнің барлығынан табылған биоматериалдарды қайда жібереміз? Бұл ҚР ҚК 121 бабы бойынша жаза берілетін оқиға», — деп кесіп айтты адвокат.

Жиын барысында адвокат аталған шулы оқиғадан кейін өзіне қатысты тәртіптік кеңес өткізілетінін де жасырмады.

«Бұған дейін менің тәжірибемде мұндай болған емес. Қазір әскери-тергеу басқармасы әділет министрлігіне адвокат этикасын бұзғаным үшін, жазалау туралы ұсыным берген. Енді 15 ақпанда тәртіптік комиссия отырысы өтіп, осы іс қаралатын болады. Онда әділет министрлігі, адвокаттар коллегиясы және т.б. құзырлы органдардың өкілдері болады, олар өз кезегінде шешім шығарып, әділет министрлігі тиісті қаулыны ІІМ-не жолдайды», -деді адвокат. 

Айта кетейік, Жамбыл облысында 2022 жылдың тамыз айының соңында мерзімді қызметтегі әскери қызметші суицид жасады. Кейін сарбаздың өліміне байланысты күдікті ретінде бөлім командирі ұсталған еді.

Соңғы жаңалықтар