Тұңғыш Президент қоры жас ғалымдардың басын қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғыш Президент қоры жас ғалымдардың басын қосты

Тұңғыш Президент қоры жас ғалымдардың басын қосты

Бұлақ көрсең көзін аш! Бүгін Алматыда жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті. Қатарынан 8-ші рет өткізілген жиынға Италия, Ресей Армениядан ғалымдар келіп, жас таланттарымыздың мүмкіншіліктерін бағалады.

  • 28 Қараша 2014
  • 203
Фото - Caravan.kz

Әлемге өзінің инновациялық тың жобаларын танытқысы келген жастар да жетерлік. Олардың жұмыстары бірінен-бір асады. Мәселен, электр қуатын өндірудің жаңа жолдары мен адам ағзасына пайдалы тағам жасау әдістері көптің қызығушылығын тудырды. Осындай дарынды жастарды қолдап, еліміздің инновациялық деңгейін арттыруға ат салысқан Тұңғыш Президент қоры екенін айта кетейік. Енді осы байқауда үздік шыққандарға қор атынан стипендия тағайындалып, сыйлықтар тарту етілмек.


Махмұт Томанов, Тұңғыш Президент қоры жанындағы жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары:

-Өзінің инновациялық жұмысын ұсынғысы келетін жастарды біз жыл сайын жинап тұрамыз. Ондай дарынды азаматтар еліміздің дамуына өз үлестерін қосады деп сенеміз. Сондықтан жобасы үздік деп танылған талаттарды біз қолдап, оны жүзеге асыру үшін көмек беруге әзірміз.