Тұңғыш Президент қоры жастарға қолдау көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғыш Президент қоры жастарға қолдау көрсетті

Тұңғыш Президент қоры жастарға қолдау көрсетті

Бүгін Тұңғыш Президент қорында 10-шы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті. «Менің елім – менің жеке жауапкершілігім» атты шараға 200-ге тарта қоғамдық ұйымдар қатысқан. Мұнда спорт, зияткерлік ойындар мен қолданбалы өнерден бастап, психологиялық жәрдемнің түрлері тың бастамалар таныстырылды.

  • 28 Наурыз 2014
  • 280
Фото - Caravan.kz

Жәрмеңкеге қатерлі ісік дертіне шалдыққан балаларға арналған «Көбелек» шығармашылық шеберханасының жобасы да әкелінген. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа бейімдеуге, көзі нашар көретіндерге ағылшын қарпін үйретуге машықтайтын жобалар да бар. Қазақстанның әр аймағынан келген үміткерлердің мақсаты біреу – тың идеялар арқылы табыс көзін ашу, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, қоғамның аз қамтылған мүшелеріне көмек көрсету. Қатарынан он жыл бойы ұйымдастырылған шара қорытындыланып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарды иеленді. Жүзден жүйрік шыққан жобаларды жүзеге асыруға енді Тұңғыш Президент қоры қаржылай қолдау көрсетпек.  


Бақыт Оспанова, М.Оспанов қорының президенті:

— Бүгінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың бәрі жастарға байланысты. Өйткені болашақ солардың қолында. Осы жәрмеңкеге қосылған жобалар келешекте еліміздің экономикасын дамытуға үлкен үлес қосады деп ойлаймын, соған сенемін.