Тұңғыш рет сырбойылық азамат көкпардан «Спорт шебері» атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғыш рет сырбойылық азамат көкпардан «Спорт шебері» атанды

Тұңғыш рет сырбойылық азамат көкпардан «Спорт шебері» атанды

Жаңақорғандық Мұрат Дүйсенбекұлына ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің көкпардан "ҚР спорт шебері" атағы берілді. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұған дейін мұндай атаққа Сыр өңірінде жеткен азамат болған емес.

  • 27 Мамыр 2014
  • 275
Фото - Caravan.kz


"Жалпы жылқының жалынан тартып міну балалық шақта есек көкпардан басталды ғой. Әкеміз атпен қой бағып кел десе, одан артық біз үшін бақыт болмайтын. Тауға, қойшы ауылға барып атпен қой бағу, міне осының бәрі жылқыға деген құмарлығымды арттырып, соңында шебер шабандоз атануыма себепкер болды. Көкпар десе делебеміз қозып, қиқу қосатынымыз рас. 2006 жылдан бастап облыстық көкпар құрамасына мүшемін. Ұлттық ат спорт түрлерінен біршама ел чемпионаттарына қатыстық. Бүгінгі таңда жеке өзімнің "Құлагер", "Қызылша" атты жылқыларымды баптаудамын ", — дейді Мұрат Қожанов.