Тұңғышбай Жаманқұлов пен «Қазақфильмнің» бұрынғы топ менеджері қылмыстық істің фигуранты атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғышбай Жаманқұлов пен  «Қазақфильмнің» бұрынғы топ менеджері қылмыстық істің фигуранты атанды

Тұңғышбай Жаманқұлов пен «Қазақфильмнің» бұрынғы топ менеджері қылмыстық істің фигуранты атанды

Режиссер Талгад Жәнібековтің  еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты атышулы мәлімдемесінен сәл бұ

  • 24 Қазан 2016
  • 1404
Фото - Caravan.kz

Режиссер Талгад Жәнібековтің  еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты атышулы мәлімдемесінен сәл бұрын оның өзіне және тағы да бірқатар белгілі тұлғаларға қатысты сот алды тергеу амалдары басталған. Олардың арасында белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов пен «Қазақфильм» АҚ-ның бұрынғы топ менеджері Гаухар Ысқақова да бар. Белгілі болғандай, «Феникс» фильміне бөлінген бюджет қаржысын жымқыруға қатысты істі ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросы тергеп жатқан көрінеді. Бұл туралы Today.kz хабарлады.

Тергеу барысында Гаухар Ысқақованы сот екі айға қамау туралы шешім шығарған. Ол «Феникс» фильміне бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр. Ал бұған дейін аталған кинотуындыны қорғап келген Тұңғышбай Жаманқұлов бағытын сәл өзгертіп, өзінің жұмысы үшін тек жалақы алып келгенін, ал қаржылық және өзге де жұмыстармен режиссер Талгад Жәнібековтың айналысқанын мәлімдеген.

Еске сала кетсек, соңғы кездері Мәдениет жәнет спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі атына қатысты тағылған түрлі келеңсіз айыптауларды қасақана ұйымдастырылып отырған шара деп мәлімдеген болатын.


Мәліметтер бойынша, фильмге бөлінген 3 миллион доллар туындының продюссері Тұңғышбай Жаманқұловқа тиесілі «Тұран» фирмасының есеп-шотына аударылуы тиіс болған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар