Тұңғышбай Жаманқұлов тағы не бүлдірді немесе конверттегі "миллиондар" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғышбай Жаманқұлов тағы не бүлдірді немесе конверттегі "миллиондар"

Тұңғышбай Жаманқұлов тағы не бүлдірді немесе конверттегі "миллиондар"

Белгілі актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты жас актерлер тарапынан шу шықты. Бұл туралы Ерболат Жо

  • 22 Қыркүйек 2016
  • 2645
Фото - Caravan.kz

Белгілі актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты жас актерлер тарапынан шу шықты. Бұл туралы Ерболат Жомартов әлеуметтік желіде жазып қалдырды деп хабарлайды Caravan.kz

Тұңғышбай — театрдың ту-талақайын шығаруда. Әртістер, кинематографистер мен театр саласының майталмандары «Театр қайраткерлері одағының» төрағасына қатысты «Біздің Одақта былық көп!» деген ұжымдық хат жазған екен.

Масқара-хаттың мәтіні мынадай:

«Біздің Одақта былық көп, ал төрағамыз Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың не істеп, не қойып жүргені бір Құдайға мәлім. Иә, Тұңғышыбай аға атақты адам, көпшілік алдында өзінің театр саласына сіңірген еңбегін әдемілеп жеткізеді. Әсіресе, «Еңлік гүл» премиясын табыстау кешінде көп көсіледі, елдің «үздік актерлеріне» конвертке салынған «миллиондарды» ұстатады. Әп-әдемі, әрине. Бірақ осы залда талай жылдан бері отырған біз неге ол «үздік актерлерді» танымаймыз? Оларды неге бұрын көріп-естімегенбіз?
Жоға, біз ол актерлердің премиясын қызғанып отырған жоқпыз. Ол актерлер Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі мақтаныш тұтатын бұл премияға лайық екен, онда неге Жаманқұлов салтанатты кештен кейін әлгі «үздіктерді» ұмытып кетеді. «Еңлік гүл» премиясын алған ұл-қыздар қазақ театрының «брендіне» айналуы тиіс емес пе? Оларды елге неге танытпасқа, неге мақтаныш тұтпасқа?

Айта берсек, жанға бататын жара көп. Жаманқұлов «бастық» болғалы соңғы 8 жылда жас актерлер мен режиссерлерге арналған ешбір фестиваль, ешбір конкурс өткен жоқ. (тек Таразда Тұңғышбай Жаманқұлов атындағы бір фестивальдің өткені бар). Бұл қалай?


Елдегі театрлар қауымдастығының жұмысын жандандырады, театрды күшейтеді деп сайлаған Тұңғышбайымыз өнерді алға сүйреудің орнына қайдағы бір сыншылар мен «аппаратчиктерді» қаптатып қойды.
Қояр сұрағымыз көп: жылдың үздік актерлерін кімдер таңдап жүр, бізге күштеп жаздыртатын «Театр» деген қиқы-жиқы журналдан кім табыс көріп отыр?

Тұңғышбай Жаманқұловтың тұсында әлі бір рет те қайырымдылық концерті, қайырымдылық спектаклі ұйымдастырылмады. Қайырымдылық демекші, Одақ қиын жағдайда қалған кей әріптестерімізге көмек беруге де жарымайды.
Қысқасы, Тұңғышбай Жаманқұловтың өз Одағы бір бөлек, театр қызметкерлері бір бөлек әлемде жүр. Жаманқұловқа еліміздегі мыңдаған театр қызметкерлерінің күнделікті қамын ойлаудан гөрі жылына он-шақты адамның қолына премия ұстата салған оңай екен.
«Ауруын жасырған өледі» демекші, біз бұдан әрі үнсіз отыра алмаймыз! Біз қордаланған бар мәселені талқылау үшін осы қыркүйек айында Одақ Президиумынан кезектен тыс съезд шақыруды талап етеміз! Театрдың болашағын бәріміз бірлесе талқылайық!».

Соңғы жаңалықтар