Түнгі жұмыс пен дұрыс тамақтанбау - денсаулыққа зиянды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түнгі жұмыс пен дұрыс тамақтанбау - денсаулыққа зиянды

Түнгі жұмыс пен дұрыс тамақтанбау - денсаулыққа зиянды

 Майлы және қантты тағамдармен тамақтанумен бірге бұзылған циркадты ритм денсаулыққа қауіпті қабынуды төндіруі мүмкін, деп хабарлады HNGN. Ал мұндай қабыну денсаулықта  бірқатар қиындықтар, соның ішінде жүрек ауруы мен диабетке әкеліп соқтырады.

  • 26 Мамыр 2014
  • 537
Фото - Caravan.kz

Зерттеу көрсеткендей, түнгі ауысымдағы жұмыс (медицина қызметкерлері, өрт сөндірушілер) денсаулыққа байланысты күрделі мәселелердің пайда болу қаупін арттырады. Ұйқы режимі — осы ритм жұмысының нәтижесі.

Ішектегі бактериалды құрамның өзгеруі қабынумен байланысты. Және осының бәрінде циркадты ритмнің ролі зор. Ғалымдар кеміргіштерге тәжірибелер жүргізген. Оларға үйреншікті режимді (жарық, қараңғылық) өзгерткен. Бірақ олардың әрқайсысын түрлі диеталар қолданған.

Нәтижесінде майлы рацион ішек құрамын өзгерткен. Онда қабынуға байланысты бактериялар пайда болады. Тәуліктік ауысымда жұмыс істейтін адамдарға ауруға шалдықпас үшін дұрыс тамақтанып, ұйқыларын қандырған жөн.