Жарияланды: 480

Тунистің бұрынғы президенті есірткі мен қару-жарақ сақтағаны үшін сырттай 15 жылға сотталды

Тунистің бұрынғы президенті Зин әл-Абидин бен Әли есірткі мен қару-жарақ сақтағаны үшін сырттай сотталды, деп британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады.

Экс-президенттің адвокаты Хосни Беджи сотта оның ешқашан есірткі қолданбағанын мәлім етті. Толқу кезінде Сауд Арабиясында бас сауғалауға мәжбүр болған Зин әл-Абидин бен Әли бұл үкімді барып тұрған сорақылық деп мәлімдеді. Бұған дейін экс-президент пен оның зайыбы Лейла Трабелси өз елінде қоғамдық қор қаржысын рәсуә етті деген айыппен 35 жылға сотталған болатын. Оған қоса, ерлі-зайыптылар үкіметке 66 млн доллар айыппұл төлеуі тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін