Жарияланды: 4100

"Тұншықтырғыш, қазақбандеровшылар": Ресейдің Қазақстан туралы пікірі қалай өзгерді

"Тұншықтырғыш, қазақбандеровшылар":  Ресейдің Қазақстан туралы пікірі қалай өзгерді

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы бұзылмаса да өзгерістерге ұшырады. Ол әсіресе көрші ел ресейліктердің Қазақстан туралы жағымсыз пікірлерін ашық айтуы түрінде көрініс беруде.

Жуырда беделді ресейлік сайт «Сноб» Facebook- тегі парақшасында Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі туралы жаңалықты келесідей тақырыппен жеткізді.

«Қазақобандеровшылар. Жақында! Барлық арналарда».

Әрине мұндай жаңалық қызу пікірталасқа ие болды.

 

 
Сондай-ақ ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьевтің Қазақстан туралы пікірі қоғамды дүр сілкіндірді.

Осы оқиғаларға орай Caravan.kz медиа-порталы қазақ-орыс қарым-қатынасының соңғы жылдары қалай өзгергенін көрсететін пікірлерді мысалға келтірді.

Дегенмен біздің еліміз үнемі достық қарым-қатынасқа адал. Мәселен жуырда ғана елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан сөзін еске алсақ болады.

Ол кезде мемлекет басшысы көрші елдердің өзара қарым-қатынасының маңыздылығына тоқталған еді.

- Әрине, біз тек Орта Азия және Қазақстан елдері болып қана қалмайсыз. Біздің алып көршілеріміз бар. Ол Ресей және Қытай халық Республикасы және олармен біз үлкен қатынастар, көлік бағыттары арқылы байланыстамыз,- деп жазды Tengrinews.kz

Ресей Федерацисының басшысы Владимир Путинде 4 жыл бұрын шамамен осылай мәлімдеген деп жазды Tengrinews.kz.

- Қазақстан – бізге ең жақын стратегиялық одақтас әрі серіктес ел,- деді Путин 2014 жылы өтен «Селигер» жастар форумында.

Ал орыс тілінің маңыздылығы туралы Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Елбасының айтып жүрген үштұғырлы тілі - ең басты мәселе сол. Тек қана бір қазақ тілімен қаламыз деу - ол қате, деп жазды KazakhstanNews

- Мен айтамын, орыс тілі кезінде Құдайдың берген біздің бақытымыз. Қазір біз бәріміз орысша сөйлей аламыз. Еркін, ешкімнің үйретудің қажеті жоқ. Біз екі тілді білеміз, енді үшінші тілді меңгеруіміз керек. Елбасының айтып отырғаны сол. Үш тұғырлы тіл! Осыны біздің жастарымыз біліп, мектептен бастап үйренетін болса, онда біздің болашағымыз зор. Кез-келген жерге барып жұмыс істей аламыз" ,- деді Үкімет басшысы

Кейбір адамдар өзгеше ойлайды

Ресейлік тележүргізуші Владмир Соловьевтің даулы сөзі Ресейде кері көзқарас қалыптастыруға сеп болды.

«Россия» телеарнасында сарапшылар Дамасктегі зымыран соққыларын талқылап жаты. Бұған қоса АҚШ, Франция және Ұлыбритания Сирияға соққы жасағаннан кейін Ресей БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақырған болатын. Отырыс барысында құжатқа дауыс берілді. Сегіз ел, оның ішінде АҚШ, Франция мен Ұлыбритания қарсы шықты, тағы төрт ел, оның ішінде Қазақстан дауыс беру кезінде қалыс қалды. Әуелі бұл жағдай сенатор Константин Косачевтің ашуын келтірді.

- Күтпеген жағдай — деп жазды ол Facebook парақшасында.

Ал Соловьев болса:

«Қазақстан мен Ресейдің арасынан қара мысық өткен бе? Қазақстанмен арамыздағы байланыс жайлы білмейтініміз бар секілді. Біз Қазақстанды да Нұрсұлтан Әбішұлын да ерекше сыйлаймыз. Бірақ осындай сын сәттерде не болып, не қойғанын түсінгіміз келеді», - деген еді.

Одан кейін депутат Константин Затулин Қазақстанда «қазақтандыру» науқаны жүріп жатыр деп соқты.

Ресейдің ең даулы саясаткерлері де шетте қалмады.

Мысалы «Другая Россия» партиясының төрағасы Эдуард Лимонов біздің елдегі «орыс қалаларына» көз тікті

«…Қазақстанның шекарасының ар жағында қалған орыс қалалары бізді қызықтырады.Оралдан бастап Өскеменге дейінгі орыс қалаларының тізбегі Ресей құрамына кіруі керек», - деп жазды Лимонов «Идеалды Россия» атты мақаласында.

Оның пікіріне қарағанда, қазақтар үлкен жерді ұстап тұра алмайды.

«Қазақтардың келісу,келіспеуі - өз еркі. Бірақ амал жоқ. Жері бай Қазақстанға Қытай көз тігіп отыр.17 млн халқы бар ( жартысы қазақтар емес, онда 4 млн орыс, тағы бір миллион неміс бар) ,мемлекетті қазақтар қорғай алмайды. Оларға көмектесейк. Артығын өзімізге алайық», - деді атышулы саясаткер.

Сондай-ақ атышулы Владимир Жириновский, тіпті Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігінен айыруды сұарды. Бұл туралы ол 2014 жылы 23 ақпанда өткен шеруде айтты.

Ұлтшыл Поткин

kashin.guru порталына берген сұхбатында ресейлік саясаткер Александр Поткин өзін қудалау туралы тапсырысты Қазақстаннан берілгенін айтты.

- 2014 жылы көктемде маған Қазақстаннан тапсырыс түскені мәлім болды.Мен бұл туралы twitter-де жаздым. Қазақтардың арнайы органдары қылмыстық іс қозғау үшін мені өз елдеріне беруді талап етті,- деді ол.

"Лавровқа деген достық ишара"

Facebook қолданушысы IvanBuben Қазақстанның әлемдік аренадағы әрекеттеріне орай Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа мысқылдап жазба қалдырды.

ТСН сайтында ҚАЗАҚСТАН ӨЗДЕРІНДГІ «ОРЫС ӘЛЕМІН» ҚАЛАЙ ТҰШЫҚТЫРЫП ЖАТЫР деген тақырыппен басылған материал шықты.

Онда автор қазақ пен украиндық сепаратизмді салыстырады.

«Бұл елдің солтүтсік облыстарында қазақ еместердің үлесі басым. Кейбір облыстарда орыстардың саны қазақтардан бірнеше есе көп. Осы себепті Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап орыс облыстарын бөліп алуға тырысқан күштер пайда болды. Мысалы Украинада мұндай ұйымдармен ешқашан шындап күрескен жоқ. Ал Қазақстанда олардың жұмысы қатаң түрде кесіліп отырды»,- делінген мақалада.

Өз кезегінде сырты істер министрінің орынбасары ЕржанАшықбаев қоғамды тыныштандыруға тырысты, деп жазды SputnikKazakhstan

- Өкінішке қарай, біздің көршілес, бауырлас елде оқтын-оқтын осындай сипаттағы пікірлер айтылып қалады. Ең әуелі, біз РФ мемлекеттік органдарының ресми пікірлеріне құлақ асамыз,- деді Ашықбаев журналистерге.

Сөз соңында сыртқы істер министрі орынбасары екі елдің қарым-қатынасына нұқсаг келтіретіндерге шара қолданылатынын айты.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть