"Тура алдында отырдым": АҚШ президенті Дональд Трамппен бірге көзге түскен Нұрлан Имам желіні жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 496.41
  • 542.77
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тура алдында отырдым": АҚШ президенті Дональд Трамппен бірге көзге түскен Нұрлан Имам желіні жарды

"Тура алдында отырдым": АҚШ президенті Дональд Трамппен бірге көзге түскен Нұрлан Имам желіні жарды

Белгілі имам, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы Асанов АҚШ-та Дональд Трамптың қайырымдылық кешіне қатысып, желіні жарды.

  • 7 Ақпан
  • 67
Instagram/Нұрлан қажы Байжігітұлы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

АҚШ Президентінің қайырымдылық кешіне қатысқан ол, осындай игі шараның құрметті қонағы болғанына бақытты екенін жеткізді. Имамның сөзінше онымен бірге Армения, Косово, Украина және т.б. елдердің президенттері қатар отырған.

«Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші Президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. Ең ілері «Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп» деп айтқаны.

Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды.

Түйгенім: Еліміздің әрбір азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол ағайындар…», — деп жазды дінтанушы желідегі парақшасында.

Көпшілік Нұрлан Байжігітұлына сәттілік тілеп, қазақ елінің мақтанышы екенін жарыса жазған.

«Кейбір президенттер алдына емес атынан қорқады ал сіз тура алдына отырыпсыз бұл қазаққа деген сізге деген үлкен мәртебе жарайсыз Нұрлан имам жүз жасаңыз Алла Тағала күш қуат берсін!!», «Алла мәртебеңізді көтеріп қойған», «Алла абырой берсін, әлемде тыныштық орнасын» деп жазды олар.