"Тура экшн-кинодағыдай": Полицейлердің қашқан көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО) - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тура экшн-кинодағыдай": Полицейлердің қашқан көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

"Тура экшн-кинодағыдай": Полицейлердің қашқан көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде Алматы даңғылдарының бірінде көліктің артынан қуған полицейлердің видеосы жарияланды.

  • 15 Маусым 2021
  • 108
Фото - Caravan.kz

Полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп бұзушының ұсталғанын айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Кадрларда көлік жүргізушісі артпен қозғалып бара жатқанын көруге болады. Ол полиция қызметкерлері ұстамайынша тоқтамайды.

"Рысқұловтағы экшен: жүргізуші полицейлерден қашқан, бірақ дөңгелегі ұшып кетіп, оны үш патруль экипажы ұстап алды", — делінген жарияланымда.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады.

Полиция департаменті өкілдері оқиға 14 маусымға қараған түні Алматының Алатау ауданында болғанын айтты.


"Toyota Camry маркалы автокөлігінің жүргізушісі патруль экипажының тоқтау туралы талабына бағынбады. Жасырынуға тырысты, бірақ оны бұғаттады. Көлік тізгінінде 1966 жылғы А. есімді ер адам болды.

Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы, 606-баптың 1-бөлігі "Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы" және 595-баптың 2-бөлігі "Маневр жасау қағидаларын бұзу" бойынша жауапқа тартылды", — деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар