Несие беру жұмысын Citibank International Plc және Deutche Bank тәрізді қаржылық институттар бірлесе ұйымдастырып отыр. Несие екі траншпен беріледі.
134,25 млн. долларды құрайтын бірінші траншы 2,15 проценттік өсіммен опцион мерзімін тағы да бір жылға созу мүмкіндігімен бір жылға беріледі. Ал 110,75 млн. доллар көлеміндегі екінші траншы 2,5 проценттік жылдық өсіммен 18 айға берілгелі отыр. Екінші транштың опциондық мерзімін де 12 айға созуға болады.
Еліміз бойынша маңдай алды үш банктің қатарындағы «ТұранӘлемБанкі» Moodys рейтингтік агенттігінің «Ba1» және S&P агенттігінің «тұрақты» деп болжанған»В+» рейтингіне ие.