2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда банктің жеке капиталының мөлшері 24%-ке өсіп 24,149 млрд. теңгені, активтері 64%-ке өсіп 292,389 млрд. теңгені, міндеттемелері 69%-ке артып 268,241 млрд. теңгені құрады. Ал банкте ашылған депозиттер көлемі 70%-ке артты.
Есепті мерзімде банктің жалпы кірісі 17,4%-ке артып 20,736 млрд. теңгені, шығындары 19,2%-ке өсіп, 19,070 млрд. теңгені құрады.
Еліміз бойынша маңдай алды үш банктің қатарындағы «ТұранӘлемБанкі» Moodys рейтингтік агенттігінің «Ba1» және S&P агенттігінің «тұрақты» деп болжанған»В+» рейтингіне ие.