Тұрақтандыру бағдарламасы аясында үкімет алдағы үш жылда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға $1 млрд бөлмек ниетте
Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Тұрақтандыру бағдарламасы аясында үкімет алдағы үш жылда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға $1 млрд бөлмек ниетте. Бұл туралы еліміздің үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін сенаторлар алдында сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Таяудағы үш жылда үкімет тұрақтандыру бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға $1 млрд бөлмек ниетте. Бұл қаржы экспортқа бағытталған астық өсіру, ет және сүт өнімдерін өңдеу, жеміс-көкөніс дақылдарын өндіру салаларына жұмсалады", - деді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін