Жарияланды: 32600

Тұрақты жұмысым жоқ, отбасым үлкен, инстаграмдағы аккаунтымды 460 мың теңгеге сатамын - Балғынбек Имашев

Тұрақты жұмысым жоқ, отбасым үлкен, инстаграмдағы аккаунтымды 460 мың теңгеге сатамын - Балғынбек Имашев

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев инстаграмдағы аккаунтын сататынын жариялады. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Айтыскер ақын аккаунтын сатып, мұқтаж жанға көмекке беретінін айтты:

"Әссәләмуғәләйкум, достар! Интернетке көп кіруге мүмкіндік болмай жатыр. Сондықтан, ренжімеңіздер! Акаунтымды сатам деп шештім. Кез-келгенге емес, әрине! Дұрыс бағыттағы, оқырмандарыма пайдасы тиетін, дұрыс ниетті жандарға. Ал қаржысын қиындыққа тап болған бір отбасына беремін. Өйткені, басқа көмек беретін мүмкіндігім жоқ. Бізден мұқтаж адамдар көмек сұрап жатады, бизнесмен емеспіз, тұрақты жұмысым жоқ, отбасым үлкен, айтысқа шықпаймын, xалал тойларға ғана барам, табысымыздан садақа шығарып тұрамыз, бірақ, "жүзді беріп, мыңды алсақ та" қалтамыздың тесігі бітелмейді. Жақсы жазбалар жазып отыруға уақыт тапшы, сондықтан, аз да болса бір отбасын қиындықтан құтқарайын деп шештім. Мүмкін, жаңа жылда жаңа акаунтта қауышармыз! 
Аман болыңыздар, ауырмаңыздар, балаларыңыз ауырмасын!
Алла жар болсын!"

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін