Жарияланды: 20

Тұрғанбай Маханов: Екпе салдыру - індетті жеңудің жалғыз жолы

Тұрғанбай Маханов: Екпе салдыру - індетті жеңудің жалғыз жолы

Қызылордалық денсаулық саласының ардагері Тұрғанбай Маханов әлемді жайлаған індетті жеңудің жалғыз жолы - вакцина екенін айтады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ол тұрғындарға екпе салдырудан еш қорқудың қажеті жоқ деп санайды.

«Бір жылдан асты індет күресіп келе жатырмыз. Бұл коронавирус инфекциясы басқа вирустарға қарағанда өте қауіпті. Алайда індетпен қалай күресеміз? Бұның ғылыми жолдары бар ма? Әрине бар. Осы уақытқа дейін таралған вирустың барлығын ғылыми жолмен тоқтатқан. Екпе ұжымдық имунитетті қалыптастырады. Екпені жасатуымыз керек. Бұдан қорқатын қауіп жоқ. Кез-келген вакцинаны 99 адам жақсы қабылдап, біреуіне кері әсер етуі мүмкін. Бірақ сол үшін жаппай екпеден бас тарту дұрыс емес. Індетпен бірге күресейік. Сақтық шараларын сақтап, өз денсаулығымызды күтейік», - деді Тұрғанбай Маханов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін