«Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығына алдағы 5 жылда 800-900 миллиард теңге салу керек. Ондағы нысандардың 80 пайызының тозығы жеткен. Бұл инвесторлар үшін өте үлкен нарық. Онда қомақты инвестиция керек», — дейді «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғабит Шайкин. Оның айтуынша, қазақстандық инвесторлар мен халықаралық даму институттары арасында бәсекелестік бар. Қазір олар мемлекеттік-жеке серіктестіктің ынтымақтастығын белсендіру үшін құзырлы министрліктермен бірлесіп қолданыстағы заңға жаңа өзгерістер мен толықтырулар жобасын жасауда.