Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында Қазақстанның ипотекалық компаниясы ипотекалық несие беру мерзімін 20 жылға ұзартты - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында Қазақстанның ипотекалық компаниясы ипотекалық несие беру мерзімін 20 жылға ұзартты

Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында Қазақстанның ипотекалық компаниясы ипотекалық несие беру мерзімін 20 жылға ұзартты

Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" АҚ ипотекалық тұрғын үй несиесінің мерзімін 20 жылға ұзартуға шешім қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры" АҚ-нан хабарлады.

  • 11 Маусым 2004
  • 500
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, хабарламада атап көрсетілгеніндей, Қормен ынтымақтастық негізінде «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компаниялардың ҚИК бағдарламасы аясындағы ипотекалық несиелеріне Қор тарапынан кепілдік берілген жағдайда тұрғын үй алуға арналған бастапқы жарна мөлшерін 10 процентке дейін азайту жөнінде заңға өзгерістер енгізуге дайындалу үстінде.

Сондай-ақ, 2004-жылдың 9-маусымында «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ 2004-жылдың 25-мамырында қабылданған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға бірікті.
Меморандум мақсаттарын жүзеге асыру аясында Қор екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларды ипотекалық несиелерге кепілдік беру жүйесіне кеңірек тартуға белсенді жұмыстарды жүзеге асырмақ ниетте. Жүйе елімізде тұрғын үй құрылысын дамытуға және халықтың тұрғын үйге қол жеткізу аясын кеңейтуге түрткі болмақ.
2004-жылдың 14-мамырынан бері екінші деңгейдегі төрт банк пен бір ипотекалық компания Қормен әріптестік туралы келісімге қол қойды.