Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жаңа төрағасы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жаңа төрағасы тағайындалды

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жаңа төрағасы тағайындалды

"Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасының шешімімен Данияр Жұмашов "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы) Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

  • 1 Қараша 2017
  • 207
Фото - Caravan.kz

Данияр Жұмашов экономист, қаржы магистрі. Оның мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың ұйымдарында, бизнесте жиырма жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 

Бүгінгі күнге дейін "Қазақстандық ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ басқарушы директоры және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да басқарушы директор — Мемлекеттік бағдарламаларды және құрылыс жобаларын іске асыру департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.

2016 жылғы 4 сәуірден бастап "Ипотекалық кредит беруді кепілдендіру қоры" АҚ басқарған Дәурен Онаевты ауыстырды. 2016 жылғы 11 қазаннан бастап "Ипотекалық кредит беруді кепілдендіру қоры" АҚ "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ болып қайта құрылған. 


"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ-ның мақсаты үлескерлік тұрғын үй құрылысын дамыту арқылы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету.
 

Соңғы жаңалықтар