Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курстары туралы ақпарат - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курстары туралы ақпарат

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курстары туралы ақпарат

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» №236 бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындамытудың қазақстандық ғылыми техникалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Астана, Кокшетау, Петропавловск, Алматы, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Талдықорган, Ақтөбе, Атырау, Уральск и Ақтау қалаларында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курстары, сонымен қатар өңірлік конференцияларұйымдастырады және өткізеді.

  • 14 Тамыз 2018
  • 61
Фото - Caravan.kz

Қайта даярлау курстарын ұйымдастырудың мақсаты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нарығының барлық қатысушылары арасында хабардарлық деңгейінің сапасын арттыру және өзара әрекеттесу деңгейін көтеру болып табылады.

            Біліктілікті жоғарылату курстары (сертификаттарды беру) мен өңірлік конференциялар тегін және келесі тақырыптар бойынша өтеді:

  1. Кондоминиумдарды басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері үшін«Тұрғын үй ғимараттарындағы энергия үнемдеу: тиімді басқару және энергияны үнемдейтін технологияларды қолдану» тақырыбында  Үш күндік курстар.
  2. Кондоминиумдарды басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтер мамандары үшін «Кондоминиумның жалпы мүлкін басқарудағы ұйымдастыру, құқықтық, қаржылық және энергия үнемдеу аспектілері, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерде зияткерлік менеджмент жүйесін пайдалану» тақырыбынад Бес күндік курстар.
  3. Облыстар, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, муниципалды және энергетикалық сервистік компаниялардың мамандары үшін
    «Энергияны басқару, энергетикалық аудит және тұрғын үйді үнемдеу»
    тақырыбында Он күндік курстар.
  4. Жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық кәсіпорындар, ғалымдар және ғылыми-зерттеу институттары, үкіметтік емес ұйымдар, салалық қауымдастықтар және бірлестіктердің мамандарының қатысуымен кондоминиум объектісін басқару органдары үшін «Инновацияларды және энергияны үнемдейтін технологияларды енгізудің тиімді әдістерін қолдану негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту» тақырыбында Өңірлік конференциялар.

Аталған біліктілікті арттыру курстарына қатысу сұрақтары туралыкелесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-7172-999-445, ұ.т 87757768722, және келесі электрондық мекен-жай бойынша: i.rakhimova@zhkh.kz, Indira_zhas@mail.ru

Соңғы жаңалықтар