«2015 жылғы 4 мамырдан бастап жинақ, ссудалық есепшоттардың жай-күйі, ссудалық берешектің болуы/болмауы туралы анықтамалар беруге және басқа да анықтамаларға комиссиялық алымдар салынбайды», деп хабарлады банктің ресми сайты.
Еске сала кетейік, Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі Өңірлерді дамыту бағдарламасы-2020 ауқымында жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасының операторы болып отыр.