Тұрғындарға 2 500 доллардан таратылмақ - эксперимент - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғындарға 2 500 доллардан таратылмақ - эксперимент

Тұрғындарға 2 500 доллардан таратылмақ - эксперимент

Ғалымдар мұны адамдардың бойындағы таланттарды ашу үшін жасамақ.

  • 17 Қыркүйек 2018
  • 88
Фото - Caravan.kz

Швейцарияның Рейнау ауылында тұрғындарға 2 500 франктен таратылмақ. Сондай-ақ, эксперимент аяқталған соң бұл ақшаны ешкім тұрғындардан қайтарып алмайды. Бұл туралы Süddeutsche Zeitung басылымы жазды.

Эксперимент арқылы ең керек деген нәрселерге ақшасы жетіп тұрған адамның әрі қарай жұмыс іздейтінін немесе бос жүре беретінін анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, ғалымдар осы зерттеу жұмысы арқылы адамдардың бойында жасырынып жатқан таланттарды ашпақ. Жобаның бас авторларының бірі — Ребекка Пэниан.

Жергілікті тұрғындар бұл эксперименттің өтуін қос қолдап қолдады. Енді Рейнау тұрғындарына ай сайын шамамен 2 500 швейцариялық франк беріледі. Бұл — 2 584 доллар. Ал әлеуметтік экспериментке қажет ақша крауфандинг арқылы жиналмақ. Алайда екі жыл бұрын швейцариялықтар осы секілді "жеңіл ақшаға" қарсы шыққан еді. Авторлар ақша табу қажеттілігі жоқ кезінде адамның шығармашылықпен көбірек айналысуына жол ашылатынын айтып қарсы жауап берген-ді.

Осы секілді эксперимент Намибия мемлекетінің Виндхука қаласында жүргізілді. Әр тұрғынға бұл кезде он еуродан таратылды. Алайда кейін адамдар ақша табу жолын ойламаған кезде олардың өз бойларындағы таланттарын ашқаны белгілі болды. Сондай-ақ, халықтың табысы 29% артып, жұмыссыздық айтарлықтай қысқарды.


Соңғы жаңалықтар