Жарияланды: 50

Түрік компаниясы Қазақстанға бронды машинаның үлгісін тегін береді

Түрік компаниясы Қазақстанға бронды машинаның үлгісін тегін береді

Машина НАТО стандарттарына сәйкес келетін жоғары ұтқырлыққа, баллистикалық және минаға қарсы қорғаныстың жоғары деңгейіне ие.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түріктің "Otokar" компаниясы әскерде тәжірибелік мақсатта пайдалану үшін Қазақстанның Қарулы күштеріне "Arma" бронды доңғалақты машинасының үлгісін өтеусіз негізде беруге дайын, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

"Тереңдігі 1,8 метрге дейін жүзу кезінде су кедергілерінен өтуге мүмкіндігі бар. Жылдамдығы сағатына 8 шақырымды құрайды. Arma әртүрлі жағдайда және қазіргі заманғы ұрыс алаңында қару-жарақ калибрі 7,62 мм-ден 105 мм-ге дейін жететін құрылғыдан тұратын платформаны бейімдеуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сынақтар үшін машиналардың келесі түрлері: өртті қолдау машинасы, тапсырыс берушінің талабы бойынша жабдықты орнататын барлау машинасы, командалық-штабтық машина, инженерлік, санитарлық, эвакуациялық және амфибиялық нұсқасы да ұсынылады.

Ең алғашқы сынақтар 2020 жылдың наурыз айында күндізгі және түнгі уақытта Қарағанды облысының оқу полигонында, ұзындығы 6 шақырымға дейінгі бағытта, сондай-ақ биіктігі 30-дан 65 см-ге дейінгі қар жамылғысын еңсере отырып жүргізілді. Ату сынақтары тәжірибелік атулар жүргізу арқылы күндізгі және түнгі уақытта өткізілді.

"Otokar" компаниясы оны Қазақстанның түрлі климаттық жағдайларында тәжірибелік мақсатта пайдалану үшін өтеусіз негізде ұсынып отыр.

Сондай-ақ, Otokar БДМ-де тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кез келген жауынгерлік модульді орнату бойынша көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін