Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Түрікмен газын Иранға экспорттау тоқтатылғандығы туралы БАҚ-тарда жарияланған ақпарат жоққа шығарылған.
«Иранға газ жіберу техникалық себептерге байланысты уақытша тоқтатылды. Нақты айтатын болсақ, тиісті газ құбырын пайдалануға қатысты жөндеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне байланысты», — деді Түркіменстан мұнайгаз өнеркәсібі және минералды ресурстар министрі Баймырат Ходжамухаммедов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті