Министрлер кабинетінің 14 сәуір күні болған кеңейтілген отырысы барысында Г. Бердімұхамедов бірқатар кадрлық өзгерістер жасады. Атап айтқанда, қаржы министрі қызметінен Ходжамұрат Гелдімұратов босатылды. Ол Түрікменстанның Министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары болып тағайындалды және үкіметтің экономикалық шаруаларымен айналысатын болады.
Көлік және байланыс салаларын жауаптанған Құрбанназар Әшіров жұмысында жіберілген өрескел қателіктері үшін Министрлер кабинеті төрағасының орынбасарлығынан босатылды. Бұл салаларды уақытша вице-премьер Назарқұлы Шакулиев басқаратын болады. «Жұмысында жіберілген өрескел қателіктері үшін Түрікменстанның Орталық банкінің басқарма төрағысы қызметінен Гелдімұрат Әбілов босатылды. Президент бұл қызметке Гуванчмұрат Гекленовты тағайындады. Ол бұрын елдің сыртқы экономикалық қызметін жауаптанған Мемлекеттік банктің басқарма төрағасы болып жұмыс істеген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті