И. Мамедов атап өткеніндей, Әзербайжан ТАЕ Каспий сегменті құрылысының басталуын құптауда.
«Біздің инфрақұрылымымыз аймақтық жобалардан сыртта қалмай, қатысуын көздейміз. Сондай-ақ, біз ТАЕ Каспий сегменті Бакуге немесе Қазақстаннан, Түркменстаннан тартылсын дейміз «, — деді И. Мамедов.
Министрдің орынбасары атап өткеніндей, бүгінде жобаны іске асырудың жолдарын Әзербайжан Қазақстанмен етене жақын талқылап жатыр.
«Сондай-ақ, соңғы уақытта бұл мәселеге Түркменстан да өзінің қызығушылығын танытуда. Түркия бұл желінің Қытайдан Әзербайжан арқылы өтуіне мүдделі. Бұл жобаға Ресей және Грузия қосылғаны да дұрыс болар еді. Қазіргі күні бұл мәселе бойынша келіссөздер жүріп жатыр, қорытындысы ойдан шығады деген үміттемін», — деп атап өтті И. Мамедов.
Бұдан бұрын хабарлағанындай, Трансазия-Еуропа оптикалық желісінің магистралін салу үшін, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан Түркияның қатысуымен консорциум құру ұсынылған болатын.
Каспий арқылы Сиазань (Баку қаласынан солтүстікте 120 шақырым) мен Ақтау пункттері арқылы өтетін ұзындығы шамамен 400 шақырым болатын жаңа желі Азия және Еуропа елдері арқылы өтіп, оларды оптикалық талшықты байланыс желісінің көмегімен қосатын Трансазия-Еуропа /ТАЕ/ оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің бір тармағы болады. Теңіз түбіндегі байланыс кабелінің құны шамамен 7-10 млн АҚШ долларын құрайтын болады.
ТАЕ Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Иран, Түркия, Украина, Польша, Әзербайджан, Грузия, Армения, Беларусь, Румыния, Венгрия, Австрия, Пәкістан, Ауғанстан елдерін қамтығаннан кейін Майндағы Франкфуртта (Германия) аяқталады.
Бүгінгі күнге дейін Трансазия-Еуропа оптикалық талшықты желінің Каспий түбінен басқа Шанхайдан бастап Франкфуртқа дейінгі жерлердегі құрылыс жұмыстары аяқталған. Сондықтан, Трансазия-Еуропа /ТАЕ/ оптикалық талшықты магистралды байланыс желісі бойынша ақпарат алмасу Иран және Ресей жерлері арқылы тасымалданады. Ол магистраль қауіпсіздігін азайтып, қашықтықты ұлғайтып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті