Түрікменстанда манаттың шетелдің валютаға шаққандағы біртұтас бағамы енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрікменстанда манаттың шетелдің валютаға шаққандағы біртұтас бағамы енгізілді

Түрікменстанда манаттың шетелдің валютаға шаққандағы біртұтас бағамы енгізілді

Душанбе. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Түрікменстанда 1 мамырдан бастап ресми түрде манаттың шетелдің валютаға шаққандағы біртұтас бағамы енгізілді, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 7 Мамыр 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

Елдің орталық банкі манаттың 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамын 14 мың 250 деңгейінде белгіледі. Белгіленген бағам бойынша шетелдік валюта жеке және заңды тұлғаларға елдің коммерциялық банктерінің айырбас пункттерінің желілері арқылы қолма қол беріледі, ал Түрікменстан банкаралық валюталық биржасы арқылы аударымдар жасалады.

«Шетелдік валютаның сату және сатып алу бағамы Орталық банкте ресми түрде белгіленетін болады. Орталық банктің хабарлағанындай, ортақ біртұтас бағамға көшу және оны одан әрі қолдау үшін шетелдік валютаға қатысты сұраныс пен тұтынымды қанағаттандыратын барлық жағдай бар. Мұндай өзгерістер Түрікменстанның әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне тиімді ықпалдасу және нарықтық қатынастар жағдайында экономиканың дамуы және оның одан әрі нығаюына арналған», — деп атап өтті «Азия-Плюс».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті