«Түрікменстандағы жағдай Орталық Азияның кейбір елдеріне әсер етуі мүмкін»: Көршілерден келетін қауіп туралы айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Түрікменстандағы жағдай Орталық Азияның кейбір елдеріне әсер етуі мүмкін»: Көршілерден келетін қауіп туралы айтылды

«Түрікменстандағы жағдай Орталық Азияның кейбір елдеріне әсер етуі мүмкін»: Көршілерден келетін қауіп туралы айтылды

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов  әйелдерге кірпік ұзартуға, жасанды тырнақ өсіруге, ерінді үлкейтуге тыйым салды. Бұл тыйымдар БАҚ пен әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің наразылығын тудырды.

  • 26 Мамыр 2022
  • 708
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының "Жан-Сая" дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Байсақова Зульфия Түрікменстанда орын алып жатқан жайттарға байланысты өз пікірін Caravan.kz тілшісімен бөлісті.

«Ия, біз бәріміз әлеуметтік желілерде, БАҚ-та Түркіменстан әйелдеріне түрлі тыйым салынғанына куә болдық. Мен жақында бір халықаралық конференцияға қатыстым. Түрікменстанның өкілдері де болды. Әріптестерім бұл тыйымдар шынымен де бар ма деп сұрағанда, олар жоқ деп жауап берді. Түрікменстанда әйелдер әлі де сұлулық салондарына барып жүр екен» — деді Зульфия Байсакова.

Оның айтуынша, егер мұндай тыйымдар шынымен енгізіліп, іске қосылса, бұл кемсітудің айқын мысалы. Әр адам жынысына қарамастан, өзіне қажетті іспен айналысуға құқылы.

Сонымен қатар бәрі шағын тыйымдардан басталады. Уақыт өте келе бұл ақылға кірмейтін бұйрықтарды орындауды талап етумен жалғасады. Қоғам осы шешімдерді қолдамайтынына үміттенемін.


«Менің ойымша, салынған тыйымдарды алып тастауды тек қана әйелдер ғана емес, ерлер де талап ету керек. Бұл кемсітушілікпен қоса, таңдау еркіндігі мен адам құқықтарын толық айырудың бастамасы болуы мүмкін. Әрине көрші елдерде бұл жағдай Орталық Азияның кейбір әйелдеріне әсер етуі мүмкін деген қорқыныш бар» — деді Зульфия Мұхамедбекқызы.

«Түрікменстанда  төңкеріс болмайды деп ойлаймын. Бірақ, егер, бұл жайт осылай жалғаса берсе, Түркіменстан әйелдері БҰҰ комитетіне жүгінуі керек. Мемлекетте адам құқықтарын кемсіту орын алатындығын айту керек. Әйелдер құқығын

Соңғы жаңалықтар