Туристерге Барселона есігі айқара ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туристерге Барселона есігі айқара ашты

Туристерге Барселона есігі айқара ашты

Бұдан былай қазақстандық саяхатшыларға Барселона есігі айқара ашық! Өйткені Испанияның ең тартымды, тарихи қаласына әуе рейстері тікелей қатынауда. Қазірдің өзінде «Компас» туроператоры кімді болмасын еліктіріп әкетер саяхаттарын ұсынып отыр. Айтуларынша, тұтынушы демалысын ұтымды әрі қызықты өткізу үшін арнайы бағдарламаларын испандық "Terramar Tour" компаниясымен бірлесе әзірлеген.

  • 11 Шiлде 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz

Испания десе бірден кез-келген саяхатшының көз алдына дәстүрлі билері елестері сөзсіз. Астанасынан бастап түкпір-түкпіріндегі шаһарларына дейін өнерін ортаға салар бишілер жетеді мұнда.

Джонатан Миро, қоюшы-директор:

-Біз үшін би — жанның көрінісі. Би арқылы мен ішкі дүниемді көрсетемін. Жалын сахнада болса, ол іште де болады.

Десе де, туристердің дені Мадридке өнердің бұл түрінен гөрі корридасын аңсап жетеді. Бұнда бұқамен арпалыстан өзге еліктіріп әкетер орындар мен мәдени шаралар да көп.  Мәселен, Пласа Майор — Мадридтың орталық алаңы. Жапа-тармағай тұрғын үйлермен қоршалған тіктөртбұрыш. Бірақ бұл аудандағы баспаналарға саудада аса сұраныс жоқ. Өйткені, шулы жер. 

Элеонора Игнат, менеджер:   

-Фламенко, рыцари и птички с цветами. Вот это все самое типичное в Толедо, самое популярное. Делается оно исключительно только здесь.

Сондай-ақ, саяхатшылар жергілікті шеберлердің қол өнерін тамашалауға мүмкіндік алмақ. Әдемі және бағалы әшекей тастарынан жасалған бұйымдар ерекше көз тартады. Әсіресе, жалт-жұлт еткен гауһар тастары.

Игорь Ротенштейн, «Terramar Tour» компаниясының президенті:

Бұл испан тілінде “ambient”. Мұнда келген әр адам ауада жүретін, сезе алатын дүние. Бұл көрініп тұр.

Испандықтар діни мейрамдарына аса ілтипатпен, ерекше атап өтетін халық екен. Қаланың сұлулығына, ғимараттардың құрылысына да ерекше мән береді. Мысалы, дәл осы нысан көркемдігімен әйгілі Уолд Дисней компаниясының логотипіне айналған. Монсеррат тауының да әсемдігін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.